Қазақстанда фильмдерді прокатқа шағарар алдындағы сараптамадан өткізу қағидалары бекітілді, олар 12 маусымда күшіне енуі тиіс. Тиісті құжатқа премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойды, - деп хабарлайды Tengri Life.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда прокат куәлігін алу үшін фильмнің құқық иеленушілері уәкілетті органға фильмнің кинопрокатқа арналған, оның прокаттық нұсқасына сәйкес келетін нұсқасын ұсынуы тиіс. Қазақстанда үлкен экранға шығу үшін туынды дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, порнографияны, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттайтын материалдардың бар-жоғына тексерілуі керек.
Еске салайық, 2026 жылы Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттау мен бұл тақырыпты оң бағытта көрсетуге ресми түрде тыйым салынды. Дәстүрлі емес қарым-қатынас көріністері бар кинотуындыларды Қазақстанда көрсетуге шектеу қойылды. Бұған дейін елде фильмдердегі ашық сахналарды қиып тастау ұсынылған болатын.
Сонымен қатар, ЛГБТ насихатына тыйым салу сексуалдық бағдарға тыйым салуды білдірмейді. Бұл туралы бұған дейін Әділет министрлігі мәлімдеген болатын.