Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: құрбандар саны екі мыңға жуықтады

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: құрбандар саны екі мыңға жуықтады Фото: x.com/globovision

Венесуэла Ұлттық ассамблеясының спикері Хорхе Родригес елдегі жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1943 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Венесуэла Ұлттық ассамблеясының спикері Хорхе Родригес елдегі жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1943 адамға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Қаза тапқандар саны – 1943, жараланғандар – 10 571 адам", - деді ол.

Жарнама
Жарнама

Үйінділер астынан барлығы 6461 адам құтқарылды, 13 400 - 13 500-ге жуық адам өз бетінше немесе туыстары мен көршілерінің көмегімен шыға алған.

Бұған дейін Родригес қаза тапқандар саны 1719 адамға жетіп, тағы 5034 адамның жарақат алғанын хабарлаған болатын. Оның мәліметінше, барлығы 22 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Еске сала кетейік, 25 маусымда Венесуэлада 39 секунд аралығында магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жерасты дүмпуі болды. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте, ал эпицентрі Морон қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 16 шақырым жерде орналасты.

Бұл жерасты дүмпулері елде соңғы 126 жылда болған ең қуатты сілкініс ретінде тіркелді.

250-ден астам ғимарат зақымдалды немесе толықтай қирады. Ең күрделі жағдай Ла-Гуайра штатында қалыптасып отыр.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айтты.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама