12 желтоқсан 2018 08:47

KFC тұтынушысы тауық ішінен жағымсыз нәрсе тапты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© whitsundaytimes.com.au © whitsundaytimes.com.au

Сидней (Аустралия) тұрғыны Сара Палмер KFC түскі асында белгісіз нәрсені тапты, - деп хабарлайды news.com.au тілшісі.


Сидней (Аустралия) тұрғыны Сара Палмер KFC түскі асында белгісіз нәрсені тапты, - деп хабарлайды news.com.au тілшісі.

26 жастағы аустралиялық әйел тез тамақтану мейрамханасында тауыққа тапсырыс берген. Олардың бірін жеп бітерде ішінен ми қатпарларына ұқса нәрсе тапқан. 

Қыз болған оқиғаны Facebook әлеуметтік желісіндегі KFC парақшасында жазып қалдырды. Сондай-ақ жағымсыз нәрсенің суретін де жүктеді. Жазба лезде қолданушылар арасында қызу талқыға түсіп, 22 мыңнан астам адам пікір қалдырған. 

"Мені қате түсініп қалмаңыздар, мен KFC-ді сүйіп жеймін. Бірақ сол күні құсқым келе жаздады. Дәмді шөптер мен дәмдеуіштердің арасында белгісіз затты көргендегі менің жиіркенгенімді көрсеңіздер. Таныстарым өз көзімен көрмейінше мені асыра сілтеп жатыр деп ойлаған", - деп жазған Палмер.

KFC-дің тұтынушыларға қызмет көрсету өкілі жауап ретінде қызға ми емес, бүйрек түскенін айтады. Компания қызметкері Сарадан тапсырыс туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, байланыс телефонын қалдыруды сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети