06 ақпан 2014 15:20

"Бәйтерек" холдингінің таза табысы 40 млрд теңгені құрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бәйтерек" ҰБХ"АҚ  басшысы Қуандық Бишимбаев "Бәйтерек" ҰБХ"АҚ басшысы Қуандық Бишимбаев

"Бәйтерек" компаниясының өткен жылғы таза табысы 40 млрд. теңгені құрап отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы холдинг басшысы Қуандық Бишимбаев "2013 жылдың қорытындысы бойынша еншілес компаниялардың жалпы көрсеткіштерін есептегенде холдингтің таза табысы 40 млрд. теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бұл холдинг құрылған кезде күтілген нәтижеден 415 пайызға артық. Ол кезде жоспар бойынша нәтиже 6,5 млрд. теңге болуы тиіс еді. Сондай-ақ 2012 жылғы көрсеткіштен 135 пайызға көп" деді Жалпы, холдинг басшысының айтуынша, холдинг құрамында жалпы активтері 3 млрд. АҚШ долларына тең 10 компания бар. Олар Индустриялық-инновациялық даму, Қолжетімді баспана және Бизнестің жол картасы сынды үш мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға атсалысуда. Атап айтсақ, холдингті сенімді басқару жүйесінде "Қазақстанның даму банкі" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Қазына капитал менеджмент" АҚ, "Қазақстанның иппотекалық компаниясы" АҚ және басқалар сияқты мемлекеттік қаржылық институттар бар. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Елбасының 2013 жылы мамыр айында құрылды. Холдингті құрудағы мақсат-экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту мен корпоративтік басқару жүйелерін оның еншілес ұйымдарында жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ "Бәйтеректің" банктерді қолдау бастамасы үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламаны қолдау бағытында жүзеге асуда. Ол бойынша, екінші дәрежелі банктерге кезең-кезеңімен несиелер бөлінеді. Қолдау қаржының жалпы сомасы 800 млн долларды құрамақ. Бірінші кезеңде банктер 45 млрд теңгеге қол жеткізеді. Несие жеке бизнес иелеріне 5 жыл мерзімге берілмек. Алдын ала жоспар бойынша, жылдық өсімі 11,5%-дан аспауы тиіс. Айта кетейік, мұндай несиелердің нарықтағы орташа өсім көлемі қазір - 13% шамасында. Жеке кәсіпкерлік нысандар 1-ден 4,5 млрд теңгеге дейінгі займды иелене алады. Жобаны жүзеге асыруға Қазақстан даму банкі атсалыспақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети