05 желтоқсан 2014 20:16

Биржада Қазақстан банктерінің акциялары едәуір арзандап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық қор биржасында (KASE) Қазақстан банктерінің акциялары едәуір арзандап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 5 желтоқсан күнгі сауда-саттықтың деректеріне сүйене отырып.


Қазақстандық қор биржасында (KASE) Қазақстан банктерінің акциялары едәуір арзандап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 5 желтоқсан күнгі сауда-саттықтың деректеріне сүйене отырып.

Соңғы уақытта қазақстандық банктер биржада тұрақсыз динамика көрсетіп отырғандығын айта кеткіміз келеді. Тек қараша айының соңында Қазкоммерцбанк акциялары бір күнде 31,15 пайызға күрт қымбаттап, сонда бір акцияның бағасы 400 теңге болған.

Естеріңізге сала кетейік, толық бір ай бойы банктің бір қағазы 300 теңге маңайында болған. Қыркүйекте бір акция шамамен 500 теңгеге дейін жеткен.

5 желтоқсан күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша Қазком қағаздары жеті пайыздан артық бағаға арзандап кетті. Сөйтіп, банктің бір акциясының бағасы 370 теңгені құрады. Айта кетейік, 5 желтоқсан күні биржада ҚКБ-нің барлығы он мыңға жуық акциясы жалпы сомасы 3,9 миллион теңгеге (21,7 мың долларға) сатылды.

Сондай-ақ, акциялары KASE индексіне кіретін тағы бір қазақстандық банк жағымсыз динамика көрсетті. Атап айтқанда, Халық банкінің қағаздары бір күнде шамамен төрт пайызға арзандап кетті. Осы ретте айта кетейік, KASE индексіне кіретін басқа компаниялардың акциялары да негізінен жағымсыз динамика көрсетті. KAZ Minerals PLC, "Қазақтелеком" және "ҚазТрансОйл" акциялары аз-мұз арзандады.  Тек "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" акциялары ғана қымбаттап, өсім 1,51 пайызды құрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети