25 ақпан 2014 | 19:53

БТА банкты Мағжан Әуезов басқаратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мағжан Әуезов "БТА банк" басқармасының басшысы болып тағайындалды.  ©Ярослав Радловский Мағжан Әуезов "БТА банк" басқармасының басшысы болып тағайындалды. ©Ярослав Радловский

"БТА банк" АҚ басшысы болып Мағжан Әуезов тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz БТА банк баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. БТА банк директорлар кеңесінің шұғыл шешімімен 2014 жылдың 26 ақпанында банк басшылығына Мағжан Әуезовтың тағайындалуына орай Қадыржан Дамитов қызметінен кетті. Жаңа басшы "Казкоммерцбанк" АҚ басқармасының мүшесі ретінде де қала бермек. Онда ол "БТА банк" АҚ-мен бірге біріктіру процесіне басшылық етеді. Қадыржан Дамитов өз жұмысын "БТА банк" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және "Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ өкілі ретінде жалғастырмақ. Ол қаржылық институттың күрделі әрі стратегиялық маңызды бағыттары бойынша қызмет етпек. Бұл шешім "БТА банк" АҚ акцияларын сату туралы банктің бас акционері "Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ мен "Казкомерцбанк" консорциум инвесторлары және қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев арасындағы келісімшарт аясында қабылданған. "Біз БТА банкке жаңа келген басшы қысқа мерзімде екі банктің бірлесуіне орай жаңа жұмыс механизмдерін қалыптастырады деп ойлаймыз. Алдағы уақытта банктің қазіргі клиенттерін қанағаттандырарлықтай толыққанды жұмыс істеуіміз өте маңызды, дейді БТА банк директорлар кеңесінің мүшесі Нина Жүсіпова. БТА банк директорлар кеңесінің мүшесі Кеңес Рақышевтың айтуынша Мағжан Әуезов банк секторындағы өте мықты менеджерлердің бірі. Банктің директорлар кеңесі оның қазақстандағы ең ірі банктердегі тәжірибесінің арқасында өзіне жүктелген қызметті абыроймен атқаратынына сенетіндіктерін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети