Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастырады. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.
Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын жалғастырады. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.
Әлемде әр минут сайын 1,5 миллионнан астам фишингтік шабуыл жасалатынын білуші ме едіңіз? Фишинг дегеніміз — интернет-алаяқтықтың ең ауыр түрлерінің бірі. Оның мақсаты — сізден және қызметкерлеріңізден банк карталарының реквизиттері, логиндер мен кілтсөздер секілді құпия мәліметтерді алдап алу. Ол тек жеке деректеріңізге ғана емес, бүкіл бизнесіңізге де үлкен қауіп төндіреді.
Фишинг дегеніміз не және ол қалай іске асады?
Фишинг дегеніміз — алаяқтардың банктер, тауар жеткізушілер немесе әріптестеріңіз сияқты сенімді дереккөздердің атын жамылып, хаттар немесе хабарламалар жіберуі. Олар шынайы көрінетін жалған веб-сайттар жасап, сізден өз деректеріңізді енгізуді сұрайды. Деректеріңізді тере отырып, сіз оларды алаяқтардың қолына беріп қоясыз.
Фишингтік шабуылдардың мысалдары:
- "Банктен" келген хат: Сізге есептік деректерді жаңарту немесе транзакцияны растау жөніндегі өтініш жазылған хат келеді. Хаттағы сілтеме сізді жалған сайтқа бағыттайды.
- "Жеткізушіден" келген хабарлама: Тапсырысты растауды немесе шотты төлеуді сұрап, серіктесіңіздің атынан жазылған хат келеді.
- Ішкі хабарламалар: "IT бөлімінің" кілтсөзді жаңарту немесе бағдарламалық жасақтаманы орнату туралы өтініші жазылған хат.
- Жалған маркетплейстер: Алаяқтар атақты интернет-дүкендерге ұқсайтын веб-сайттар жасайды. Олар тауарларды арзан бағаға ұсынады, ал төлем жасаған кезінде картаңыздың деректерін ұрлайды.
- "Сәлемдеме келгені" туралы хабарлама: "Сіздің атыңызға сәлемдеме келді және оны алып кету үшін банк деректерін теру керек" деген мазмұндағы хабарлама аласыз. Әрине, ешқандай сәлемдеме жоқ.
Өзіңізді және қызметкерлеріңізді қалай қорғай аласыз?
- Қызметкерлерді оқыту: Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі тренингтер өткізіп, фишингтің не екенін және оны қалай тануға болатынын түсіндіріңіз. Адамдар неғұрлым көбірек білсе, оларды алдау да соғұрлым қиын болады.
- Хаттар мен сілтемелерді тексеру: Ережелерді барлық сілтемелер мен қоса жіберілген құжаттар екі рет тексерілетіндей бекітіп қойыңыз. Қызметкерлер хат жолдаушының шынайылығын қалай тексеру керегін білетініне көз жеткізіңіз.
- Көпфакторлы аутентификацияны (MFA) пайдалану: Жүйелерге кіру үшін MFA енгізу кілтсөзіңіз ұрланған жағдайда да қорғануға көмектеседі.
- Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту: Антивирус бағдарламаларын және басқа да қорғаныс жүйелерін үнемі жаңартып отырыңыз. Бұл жаңа қауіптерден қорғануға көмектеседі.
- Күмәнді мекенжайларды бұғаттау: Күмәнді мекенжайлар мен домендерден келетін хаттарды бұғаттайтын сүзгілерді орнатып қойыңыз.
Фишинг бизнеске қандай қауіп төндіреді?
Фишингтік шабуылдар айтарлықтай залал келтіруі мүмкін:
- Қаржылай шығындар: Алаяқтар банк шоттарына қол жеткізіп, заңсыз аударымдар жасауы мүмкін.
- Құпия деректердің қолды болуы: Коммерциялық құпиялар, клиенттер туралы ақпарат пен стратегиялық жоспарлар ұрлануы мүмкін.
- Беделіңізге нұқсат келеді: Деректер мен ақшаның ұрлануы кесірінен клиенттер мен серіктестеріңіздің сізге деген сенімі азаюы мүмкін.
- Құқықтық салдары: Деректердің жоғалуы мен қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына байланысты сотқа шағым түсіп, айыппұл арқалауыңыз мүмкін.
Фишингтің қаупі зор, бірақ дұрыс шара қолдана білсеңіз, тәуекелдерді айтарлықтай азайта аласыз. Ең бастысы — барынша сақ болу, қызметкерлерді оқыту және заманауи қорғаныс технологияларын пайдалану.