20 қаңтар 2014 15:27

Ислам даму банкі Қазақстанға екі жылда 500 миллион доллар құйды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ислам даму банкінің логотипі Ислам даму банкінің логотипі

Жағымды жаңалықты жуырда Tengrinews.kz. хабарлаған-ды. Қазақстанға жомарттық танытып отырған Ислам даму банкінің мұндай игі ісі Алматы қаласында өткізілген шара барысында сөз болған еді. Жеті мемлекеттен құралған Ислам даму банкінің директорлар кеңесінің мүшесі Ерлан Байдәулеттің мәлімдеуінше "ынтымақтастық стратегияға қол қойылып, соның аясында 2012-2014 жылдары 1,2 миллиард доллар қаражат тарту көзделіп отыр. Соның 500 миллионнан астамы аударылыпты". Олар сондай-ақ, жеке секторда да белсенді жұмыс істеуді жоспарлап отырған көрінеді. Банк "бір қайнауы ішінде қалған" жобаларды қаржыландырып қана қоймай, тың келісім-шарттардың жүзеге асуына ықпал етпекші. Спикердің сөзіне сенсек, "әзірге нақты жоба жоқ. Алайда келсіссөздер жүргізіліп жатыр". Ислам даму банкінің жоғары деңгейлі аймақаралық форумы барысында вице-министр, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешов: "Ислам даму банкі міне екі жылдай болды, негізінен мемлекеттік жобаларды қаржыландырып келді. Біз келісім-шартқа қол қойғанда аталмыш банктің жеке секторды қаржыландыруына басымдық берген едік. Қазір көбіне сауда мен астық нарығы қаржыландыруда. Ең бастысы, бүгінгі күні шағын және орта бизнеске қатысты жобалар бой көрсете бастады" деп атап өтті. Тағы бір айта кетерлігі, аталған банк "Бәйтерек" холдингімен бірігіп, жаңғырмалы энергия көздерінің Орта Азиялық қорын құрған болатын. Бұл тұрғыда Ә.Исекешов «"қор 2014 жылдан-ақ қаржыландырыла бастайды дейді". Спикердің "лизингтік компаниялардың шағын және орта бизнес жобаларын қаржылай қолдауы да осы жылдан бастау алмақ. Алдағы екі жылда да 500 млн доллар қаржы бөлуді жоспарлап отырмыз" деген сөзін "Алайда кәсіпкерлердің жаңа жобаларды ұсыну мәселесі де аса маңызды" деп жалғап әкетті Ә.Исекешов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети