20 ақпан 2014 | 16:24

Kaspi bank: SMS-шабуыл 40 млрд теңгенің кетуіне сеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Михаил Ломтадзе. ©kaspibank.kz Михаил Ломтадзе. ©kaspibank.kz

"Kaspi bank"-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе банк салымшыларының 10 пайызы өздерінің депозиттерін алып кетуі нәтижесінде жалпы шығыс сомасы 40 млрд теңгені құрағанын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Мен он клиенттің тоғызы бізде қалатынын айтқан болатымын. Бүгінде SMS-шабуылдардан кейін біздегі депозиттердің 10 пайызы ғана кеткенін мәлімдейміз. Айта кету керек, біз тұтынушылармен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Барлық бөлімшелеріміз қазір қалыпты режиммен жұмыс істеп тұр. Соңғы екі күнде бөлімшелердің барлығы сағат 21.30-ға дейін ашық. Қазіргі күні біз қолма қол ақшаны әдеттегіден бес есе артық қамтып отырғанымыз рас. Айта кететіні, мен осының арқасында 300 млн теңгенің 4 тонна салмақ тартатынын бірінші рет білдім", - дейді М.Ломтадзе. Басқарма басшысы, бүкіл ел аумағынан ақша қаражаттары жеткізіліп жатқанын, бұл ретте қауіпсіздік шаралары да кеңінен қамтылғанын айтады. Бұл орайда салымшылардың ұқыпты болуын және ірі көлемдегі ақшаны алуда жіті болып, ұры-қарының жемтігіне айналмауын ескертеді. Салымшылардың 10 пайызы ақшасын алып кеткеніне қарамастан арада бірнеше ай өткенде олар банкке қайтадан әкеп салатынына сенімді. М.Ломтадзе мұндай жағдайды теңгенің құнсыздануымен байланыстырмай, SMS-шабуылдың кесірі деп түсіндірді. "Алайда, бұл жағдайдың өзі біздің командамызды одан сайын күшейте түсті" - дейді банкир. Бұдан сәл ертерек бұрын банк SMS-шабуылды ұйымдастырған тұлғаны тауып берген адамға 100 млн теңге сыйақы беретінін хабарлаған болатын. Сонымен қатар, Бас прокуратура бірқатар шараларды қабылдап, жағдайды анықтап берген болатын. Өкінішке қарай, банк құқық қорғау ұйымына сыйақыны бермейтіні белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети