28 қазан 2020 10:14

Kaspi.kz шоттағы "ақшаның жоғалуына" қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kaspi.kz клиенттерінің ақшасы шоттарында сақталады. Бұл туралы банктегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Kaspi.kz клиенттерінің ақшасы шоттарында сақталады. Бұл туралы банктегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Банк өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта техникалық ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"28 қазанда Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болды. Қосымша істен шығу нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаражат дұрыс көрсетілмеді. Өкінішке қарай, карталармен төлеу, банкоматтардан ақша алу немесе картаға ақша жіберу, төлемдер мен аударымдар уақытша мүмкін болмай тұр. Компания ақауды жою үшін жұмыс істеп жатыр", - деді банктегілер.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екені туралы жалған хабарламалар тарап жатыр.

"Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталады, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетіледі", - деді Kaspi.kz өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында Kaspi.kz қазақстандықтардың шағымына жауап берген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети