19 мамыр 2015 11:47

Кәсіпкерлер 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап онлайн касса аппаратын орнатуы тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Bmwi.de ©Bmwi.de

Қазақстанда 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жанармай, дизель отыны және алкоголь ішімдігі саудасымен айналысатын кәсіпкерлер онлайн бақылау-касса аппараттарын қолдануы тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасап.

Мұндай аппараттар ақша есебі туралы мәліметтерді тіркеп, Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің серверіне жіберіліп отырады. Айта кетейік, ҚР Салық кодексінің осы нормасын бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қосымша мәліметті, кеңес және техникалық қолдауды комитет сайтынан алуға болады.  

Осыған дейін Қазақстанда қолма-қолсыз есептесуден бас тартқандарға жазаның енгізілуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети