22 қаңтар 2015 11:25

Қазақстанда 60 құс фабрикасына арзан жем жеткізілетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Ақпан айынан бастап Қазақстанда құс фабрикалары 215 мың тонна жемді арзан бағамен сатып алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан құс өсірушілер одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құстардың азығы ретінде таңдалған 4-класты астықтың тоннасы 37 500 теңгеден болады, ол еліміздің солтүстігіндегі элеваторлардан алынады. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, елімізде құс өсірумен айналысатын 60 фабрика "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" акционерлік қоғамымен және облыс әкімдіктерімен келісімшартқа отырды, осы құжаттың негізінде дән арзан бағамен берілетін болады.

Құс өсірушілер одағының мәліметінше, құс фабрикаларына 2015-2016 жылдары жыл сайын 573 мың тонна бидай, 58 мың тонна арпа және 64 мың тонна жүгері қажет болады. Одақ басшысы Руслан Шәріповтің айтуынша, қазіргі уақытта құс өсіретін фабрикаларға қажетті жемнің 50 пайызын мемлекеттің реттелген бағамен беруін көздейтін заң жобасы Үкіметте қаралып жатыр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети