23 желтоқсан 2021 12:23

Қазақстанда жаңа ұлттық холдинг құрылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "QazBioPharm ұлттық холдингі" құрылды. Желіде Үкімет қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда "QazBioPharm ұлттық холдингі" құрылды. Желіде Үкімет қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "QazBioPharm ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы құрылады.

Холдинг қызметінің негізгі мәні: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарық инфрақұрылымын орнықты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестері холдингтің иелік етуі мен пайдалануына берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару.

Холдинг акциясының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Денсаулық сақтау министрлігі береді.

QazBioPharm жарғылық капиталы "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қарастырылады.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Денсаулық сақтау министрлігі құзырына беріледі:

  • Биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты;
  • Ұлттық биотехнология орталығы (ҰБО);
  • Республикалық микроорганизмдер коллекциясы (РКМ).

Денсаулық сақтау министрлігі тиісті саланы басқару жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети