20 сәуір 2015 12:31

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие рәсімдеуге өтініш қабылдау басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана Моторс" ҚМК мен "Қазақстан Халық банкі" отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберіндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген автонесие рәсімдеуге өтінімдерді қабылдауды бастайды. Заманауи әрі сенімді, Қазақстанда құрастырылған Hyundai автокөліктері өз сатып алушыларын республика бойынша Оңтүстік Кореяның үздік марка автодүкендерінде күтеді.


"Астана Моторс" ҚМК мен "Қазақстан Халық банкі" отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберіндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген автонесие рәсімдеуге өтінімдерді қабылдауды бастайды. Заманауи әрі сенімді, Қазақстанда құрастырылған Hyundai автокөліктері өз сатып алушыларын республика бойынша Оңтүстік Кореяның үздік марка автодүкендерінде күтеді.

Еске сала кетейік, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бағасы 5,6 миллион теңгеге дейінгі қазақстандық автомобильдерге арналған. Гольф-класындағы хэтчбек Hyundai i30, С-класта седан Hyundai Elantra мен ықшамды кроссовер Hyundai Tucson толықтай сол талаптарға жауап береді.

Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең, тиімді жылдық мөлшерлеме - 7,5 пайыз. Халық банкінің еңбекақы жобасына қатысушы клиенттеріне алдын ала төлем жасау міндеттелмейді. Ал қалған жағдайларда алдын ала төлем көліктің жалпы құнының 10-20 пайызына тең. Несие бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қосымша комиссия алынбайды. Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар пакеті - минималды.

Қазақстан Халық банкі "Астана Групп" холдингінің стратегиялық серіктесі болып табылады. Бұл - Қазақстан Республикасының ірі универсалды коммерциялық банкі және 90 жылдан астам уақыттан бері нарықта сәтті жұмыс істеп келе жатқан республиканың ең сенімді қаржы құрылымдарының бірі. Халық банкі арқылы жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша зор көлемде мемлекеттік қаржыландыруды бөлу заңды - 4 миллиард теңге.

Клиенттер бүгіннен бастап көліктерді таңдай алады, дилерлерде қолжетімді автокөліктің күннен күнге азая беретіні анық. Жеңілдетілген автонесие арқылы алынатын көліктердің орташа құны 3,3 миллион теңге деп есептеліп отыр, мемлекеттің "Қазақстанның Даму банкі" арқылы бөліп отырған 15 миллиард теңгесі шамамен 4800 автокөлікке жетеді. Олардың барлығы 2-3 айда толық сатылады деген болжам бар.

Hyundai дилер орталықтарындағы "Халық банкінің" менеджерлері жеңілдетілген автонесие талаптары мен қарызды төлеуге арналған ыңғайлы графиктер туралы толығырақ ақпарат береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети