05 наурыз 2022 18:03

Қазақстанның Даму банкі басшысының орынбасарлары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Елібаев, Ботагөз Әбішева. Фото:kdb.kz Марат Елібаев, Ботагөз Әбішева. Фото:kdb.kz

Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметі Басқарма құрамындағы ауыс-түйіс туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметі Басқарма құрамындағы ауыс-түйіс туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы 25 ақпандағы "Қазақстанның Даму банкі" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Марат Елібаев Басқарма төрағасының орынбасары-ҚДБ Басқармасының мүшесі болып тағайындалды. Бұрын банктің басқарушы директоры қызметін атқарған Ботагөз Әбішева ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды", - делінген хабарламада.

Марат Елібаев әлеуетті қарыз алушыларды іздеу және тарту, Даму банкінің кредиттік саясатын жүзеге асыру, сондай-ақ Банктің кредиттік портфелін басқару мәселелеріне жетекшілік ететін болады. 

Ботагөз Әбішева жаңа лауазымда халықаралық инвестициялық банктермен, Банк инвесторларымен, кредиторларымен жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етеді, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау және есеп саясаты, операциялық қызмет, қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнату, стратегия және корпоративтік даму, қоғаммен байланыс мәселелері бойынша ҚДБ қызметіне басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыратын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети