Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

"Қазатомөнеркәсіп" АҚ Директорлар кеңесінің басшысы ауысты

10 Шілде 2015, 11:59
0
Бақытжан Сағынтаев. ©Primeminister.kz
Бақытжан Сағынтаев. ©Primeminister.kz

"Қазатомөнеркәсіп" АҚ Директорлар кеңесінің басшысы ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқармасының сырттай отырысының қорытындысы бойынша "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы мен өкілеттілік мерзімі анықталып, Кеңес мүшелері және төрағасы сайланды.

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен Жалғыз акционердің өкілі ретінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды. Олар: Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы - Жалғыз акционердің өкілі, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерін басқару жөніндегі Бас директор; Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіқалықұлы - Жалғыз акционердің өкілі, "Тау-кен Самұрық" АҚ басқарма төрағасы; Арсланова Зарина Фуатовна – Тәуелсіз директор; Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы – "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы. Айта кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Директорлар кеңесінің өкілетті мерзімі - бір жыл.

Еске салайық, мамыр айында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басшысы болып бұған дейін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған Асқар Жұмағалиев тағайындалған еді. Оның кандидатурасы Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында мақұлданып, Қазақстан Республикасының үкіметімен келісілген. Осыған дейін ҚР СІМ баспасөз қызметі 26 наурызда Пекин уақыты бойынша 14.30-да "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаровтың Қытайда қайтыс болғанын хабарлады. Оның жүрегі тоқтап қалған. 31 наурызда "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы компаниясының уақытша міндетін атқарушы болып осыған дейін басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып келген Айдар Әріпханов тағайындалған болатын.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай