Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Компаниялар мен банктер

"ҚазАвтоЖол" мен "Қазақавтодорды" біріктіру қашан аяқталады? 02 қыркүйек 2022, 12:40

"ҚазАвтоЖол" мен "Қазақавтодорды" толық біріктіру 2022 жылы қарашаның аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

"ҚазАвтоЖол" мен "Қазақавтодорды" толық біріктіру 2022 жылы қарашаның аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Айдос мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұған дейін жарияланғандай процесс (компаниялардың бірігуі) басталды. Бұл уақытты қажет етеді. Қараша айына дейін жұмысты аяқтаймыз", - деп түсіндірді Серік Айдос.

Оның айтуынша, біріккен компанияға ребрендинг жасау мәселесі қарастырылмаған.

"Қысқарту мәселесіне келсек, әзірше 10 пайызға жуық қысқартамыз. Бұл шамамен 30 адам. Ұлттық компанияның мәртебесі сақталады", - деді компания басшысының орынбасары.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИИДМ) "ҚазАвтоЖол" мен "Қазақавтодор" бір компанияға біріктірілгенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті