07 сәуір 2015 13:43

"Қазпошта" басшысы бастықтар мен пошташылар еңбекақысының айырмашылығын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ortcom.kz © ortcom.kz

"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин компанияның пошташылар еңбекақысын қандай жолмен көтеруге ниетті екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин компанияның пошташылар еңбекақысын қандай жолмен көтеруге ниетті екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басшы ретінде, еңбекақыны ашып көрсетейін бе, жоқ па деп ойландым, мен оны ашып көрсеттім. (...) Еңбекақыдағы айырмашылықтарға келетін болсақ, иә, өте үлкен", - деді Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Tengrinews.kz тілшісі қойған пошташылар мен басшылардың еңбекақысының айырмашылығына қатысты сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, "Қазпошта" басшылығы деректорлар кеңесіне еңбеқақыны төмендету туралы бастамамен барған. "Олар бұл қанша ақшаны үнемдейді? деп сұрады. Біз бюджеттің 0,001 пайызын деп жауап бердік. Егер біз еңбекақыны төмендетіп (басшылық құрамның - Автор.), еңбекақыны көтерсек (пошташылардың - Автор.) ешқандай әсері болмайды. Деректорлар кеңесі: сендердің міндеттерің - кірістің жаңа көзін табу, сендердің ("Қазпошта" басшылығының - Автор.) еңбекақыларың сендерге жоғары талап қою үшін жоғарылатылған деді", - деп түсіндірді Мусин.

Бағдат Мусин ОКҚ-дағы брифинг барысында компанияның еңбекақы жүйесін қайта құрып жатқаны туралы мәлімдеді. "(...) қызметкерлердің еңбекақысын дұрыс әрі жоспарлы түрде көтеру үшін түрлендіру жүргізіп, кірістің жаңа көзін табу керек. Біз уәждемелер бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Біз бізге қосымша табыс әкеліп жатқан әрбір қызмет үшін жұмысшыларымызға қосымша ақша төлеуге дайынбыз. Әрбір ақшалай аударым үшін оператор еңбекақысынан бөлек 50 теңге алады (...). Біз еңбекақы жүйесін қайта құрамыз. Иә, ауылдағы пошташылар өте аз жалақы алады, бірақ олар көп жұмыс істемейді де - аптасына бір немесе екі рет, зейнетақы немесе пошталық жөнелту келгенде ғана. Тиісінше, біз олардың еңбекақысын көтеруге жол ашатын және ауыл бөлімшелерінің тиімділігін арттыратын жаңа қызметтерді қосумен айналысып жатырмыз", - деді Мусин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сенатта "Қазпошта" АҚ-тағы еңбекақы айырмашылығына қатысты дау болған еді. "(...) Тасуат ауылындағы пошта қызметкері 0,2 ставкамен күн көріп, 8 900 теңге алып жүр", - деді экс-сенатор Светлана Жалмағамбетова, "Қазпошта" басшыларының бүгінгі жалақысы 1-1,5 миллион теңгеге дейін жететінін айтып.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети