Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов алдағы бес жылда мұнай бағасының көтерілуі мүмкін екендігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов алдағы бес жылда мұнай бағасының көтерілуі мүмкін екендігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Мәжілісінің отырысынан кейін ол бүгінгі таңдағы теңге бағамының лайықты екенін тағы да атап өтті.
"Енді не болады? (...) Меніңше, көршілерімізді жіті бақылап отырсыздар, ресейлік рубль 44, кейін 80, одан кейін 60-қа түсті. Бұл диверсификацияланған экономика, бізге мұндай құбылмалылық қиындық туғызады. Сондықтан Ұлттық банк интервенцияларға қатысуы арқылы, қажет болғанда, жалпы алғанда тең жағдайды ұстап отыр. Таңертең 277 теңге шамасында болған бағамды қазақстандық экономикаға қажет лайықты бағам деп есептейміз", - деп түсіндірді Келімбетов.
"Қазақстандық экономика бұған қашан бейімделеді? Инфляциялық таргеттеуден кейін, әдетте 6 айдан 12 айға дейін қайсыбір экономика болмасын, жаңа экономикаға, жаңа ақша-кредит саясатына бейімделеді. Теңге бағамының қандай болатыны мына факторларға тәуелді: ең басты фактор - мұнай бағалары. (...) Егер мұнай бағасы 50 шамасында болса, онда теңге осы қалпында сақталады. Егер мұнай бағалары түсе бастаса, көршілеріміздің экономикасы рецессияда болса, біз болсақ ендігі еркін ауытқу бағамына өттік, бұл арқылы біз шоктарды абсорбациялаймыз және мұнымен әрекеттесе аламыз. Ал егер мұнай бағасы көтеріле бастаса, әдетте баға 3-5 жылдық перспективада өседі, теңге нығая түседі. Барлығы алған табысына қуанып, сата бастайды", - деді Келімбетов.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" заң жобасын мақұлдады. Заң жобасын Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов таныстырды. ҚР "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" конституциялық заң жобасында оның Англия мен Уэльстің процессуалдық қағидаттары мен нормаларына және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуге тиіс екендігі айтылған.
19 қазанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовті қабылдаған болатын. Сол кезде Президент бүгінде республика экономикасы күрделі режімде жұмыс істеп жатқанына назар аударды.
"2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді. Осыған байланысты Үкіметке талдау жасауды, дағдарысқа қарсы жұмыстардың жоспарын әзірлеуді, қажетті шараларды белгілеп, оны халыққа жеткізуді тапсырамын", - деді Назарбаев