БЖЗҚ қаражаты ел экономикасын несиелеуге жұмсалады

21 Қазан 2015, 12:14
4
БЖЗҚ қаражаты ел экономикасын несиелеуге жұмсалады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов
БЖЗҚ қаражаты ел экономикасын несиелеуге жұмсалады - Астанадағы Ұлттық банк ғимараты. © Тұрар Қазанғапов
Астанадағы Ұлттық банк ғимараты. © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов БЖЗҚ қаражаты экономиканы несиелеуге жұмсалуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) Бүгінгі жағдай долларландырудың элементі. Бүгінгі таңда біздің экономикамыз долларизацияға тәуелді, себебі біз доллармен байланысты мұнай шығарамыз. Біз валюталық бағамды тұрақтандырумен жұмыс істеп жатырмыз. (...) Қазір біз үкіметпен несиелеу мәселелерін талқылап жатырмыз. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын экономикамызды несиелендіруге жұмсау мүмкіндігі де қосымша қарастарылып жатыр. Бұл банктерге де, тұрғын үй құрылысына да байланысты болады. Теңге экономикада қолжетімді әрі арзан болады", - деді Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында депутаттардың сұрақтаныа жауап бере отырып.

Парламент Мәжілісі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" заң жобасын мақұлдады. Заң жобасын Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетов таныстырды. ҚР "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" конституциялық заң жобасында оның Англия мен Уэльстің процессуалдық қағидаттары мен нормаларына және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуге тиіс екендігі айтылған.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің 19 мамырдағы "Астана" халықаралық қаржы орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін Астана қаласына көшіру туралы" жарлығында айтылған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай