15 ақпан 2015 18:20

"Киндер-сюрприз" брендін шығарған Микеле Ферреро қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Микеле Ферреро. ©style43.ru Микеле Ферреро. ©style43.ru

Ferrero компаниясының қожайыны Микеле Ферреро (Michele Ferrero) 14 ақпан күні 90 жасқа қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Reuters. Италияның ең бай адамы Монакодағы өз үйінде бірнеше айға созылған ауруынан соң көз жұмды.

Феррероның отбасына Италияның жаңа президенті Серджио Маттарелла көңіл айтты. Ол миллиардерді "туа біткен кәсіпкер" деп атады.

Микеле Ферреро 1925 жылы 26 сәуірде дүниеге келген. Ол 32 жасында 1942 жылы әкесі Пьетро Ферреро негізін қалаған компанияның басшысы атанды. Микеленің жетекшілігімен Nutella (1964), Kinder Chocolate (1968), Kinder Surprise (1974) сияқты тәтті тағамдар бренді жасалды. Кейін Феррероның ассортименті Rafaello, Ferrero Rocher және Tic Tac кәмпиттерімен толықты.

2001 жылы Ферреро өз компаниясының тізгінін екі ұлы - Джованни мен Пьетро Феррероға берді. Бірақ 2011 жылы Пьетро Оңтүстік Африка Республикасында жүрек талмасынан қайтыс болды.

2013 жылы Forbes журналы Микеле Феррероның дәулетін 23,4 миллиард доллар деп бағалады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети