Маусымдағы базалық мөлшерлеменің төмендеуінен кейін Ұлттық банк жаңа шешімге дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Сүлейменов Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме бойынша алдағы отырысқа дайындық барысы туралы айтып берді. Ұлттық банк басшысының сөзінше, кезекті шешім қабылдар алдында реттеуші инфляциялық динамиканы мұқият зерттеп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Сүлейменов Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін 24 шілдеде жариялайтынын еске салды. Қазіргі уақытта реттеуші дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол Қазақстандағы инфляция деңгейі төмендегенін, бірақ нәтиже Ұлттық банктің күткенінен төмен болғанын атап өтті. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, реттеуші көрші елдердегі жағдайды зерделеп, жеміс-жидек пен көкөніс маусымынан дезинфляциялық әсер күтеді, алайда оның қаншалықты күшті болатыны әзірге белгісіз.

"Жеміс-көкөніс маусымы дезинфляциялық әсер етуі мүмкін деп күтеміз. Оның солай болар-болмасы әзірге белгісіз. Сондықтан жағдайды жіті бақылап отырмыз", - деді ол.

Маусым айында базалық мөлшерлеменің төмендеуі

2026 жылғы 5 маусымда Ұлттық банк соңғы екі жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыздан 17 пайызға дейін төмендетті. Ұлттық банк бұл шешімнің инфляцияның бәсеңдеуімен және оның болжамының жақсаруымен байланысты екенін түсіндірді.

18 маусымда Тимур Сүлейменов биыл Ұлттық банк инфляцияны 9–11 пайыз аралығында болжайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жағдайдың толық тұрақталғаны туралы айту әлі ерте, себебі инфляция екі таңбалы көрсеткіште қалып отыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +31
Ақтау +27
Ақтөбе +29
Атырау +37
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +30
П
Павлодар +32
Петропавл +26
С
Семей +29
Т
Талдықорған +34
Тараз +37
Түркістан +30
О
Орал +24
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер