S&P CSA Jusan Bank-тің тұрақты даму саласындағы бағасын көтерді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Jusan Bank АҚ S&P Global Market Intelligence беретін тұрақты даму саласындағы бағасының жақсартылуы туралы хабарлайды. Бұл баға - банктің тұрақты даму және бизнесті жауапкершілікпен жүргізу аясындағы айтарлықтай оңға басқанының белгісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Jusan Bank АҚ S&P Global Market Intelligence беретін тұрақты даму саласындағы бағасының жақсартылуы туралы хабарлайды. Бұл баға - банктің тұрақты даму және бизнесті жауапкершілікпен жүргізу аясындағы айтарлықтай оңға басқанының белгісі.

Corporate Sustainability Assessment 2023 - Jusan Bank алған екінші ESG рейтингі. S&P Global Market Intelligence Jusan Bank-ке 34/100 деңгейіндегі баға берді, бұл алдындағы кезең үшін берілген рейтингіге қарағанда 11 баллға жоғарырақ. Банк басқарушылық пен экономикалық аспект (Governance & Economic Dimension) бойынша 41 балл, экологиялық аспект (Environmental Dimension) бойынша 15 балл, ал әлеуметтік аспект (Social Dimension) бойынша 33 балл алды. Былтырғы жылға қарағанда Jusan Bank балауы әрбір аспектісінде өз бағасын жақсартты.

"Jusan Bank-тің ESG трансформациясы жолындағы талпыныстарының мәртебелі рейтинг агенттігі тарапынан жоғары баға алғанына өте қуаныштымыз. Бұл жетістік тұрақты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарына деген ұстанымымызды растайды. Банк қазақстандық юрисдикцияға оралғаннан кейін оның жаңа басшылығы Jusan Bank жұмысына ESG қағидаттарын енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Ұзақ мерзімді тұрақты дамуға ат салысып, клиенттерімізге, экономикаға және жалпы тұрғыдан қоғамға пайдамызды тигізу үшін бұл орайдағы жұмысымызды жалғастыратын боламыз", - деп Банк директорлар кеңесінің Төрағасы Ғалымжан Есенов тұрақты даму саласындағы бағасының көтерілуіне қатысты пікір білдірді.

2022 жылы Банк ішкі шаруашылық операцияларынан туындайтын жылыжай газдарының тікелей және жанама шығарылымдарына баға берді.

Былтыр Банк 2022 жылғы деректер бойынша тұрақты даму жөніндегі есепті екінші рет жариялады, ол KASE байқауында және PwC Қазақстан жыл сайынғы бағасының нәтижелері бойынша қаржы секторы компанияларының арасында ең үздік есеп атағына ие болды.

Jusan Bank 2023 жылдан бастап 2000 жылдан бері жұмыс істейтін және бүкіл әлем бойынша 21 мыңнан астам компаниялар мен ұйымдарды біріктірген тұрақты даму аясындағы әлемнің ең үлкен бастамасы болып келетін БҰҰ Жаһандық шартына қатысуда.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer