06 қазан 2015 17:17

Теңгенің девальвациясы мәселені шешпейді - "АрселорМиттал Теміртау" директоры

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Теңгенің валюталық дәлізін қайта қарау - дұрыс бағыттағы қадам, бірақ ол барлық проблеманы шешпейді деп есетейді "АрселорМиттал Теміртау" директоры Виджай Махадеван. Бұл туралы ол өзінің блогында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ ол теңгенің девальвациясының  "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамына жұмысшылардың жалақысын 25 пайызға қысқарту туралы шешімді кейінге қалдыруға мүмкіндік бергенін айтты. 

"Теңге дәстүрлі түрде ресейлік рубльге тәуелді болды. Валютаны тұрақтандыруға дейін теңге/рубль айырбас бағамында 1 рубль 2,8 теңгеге тең еді. Бүгін, тіпті құлдырауын есепке алғанда теңге/рубль айырбас бағамында шамамен 1 рубль 4,1 теңгеге тең болды, мұның өзі тарихи межеден (1 рубль - 4,8-5 теңге) төмен", - дейді Махадеван. - Осылайша валюталық тұрақтандырудағы өзгерістер - оң қадам, бірақ бұл барлық мәселені шешпейді және біз қалған проблемаларды шешу үшін еңбектенуіміз керек".

Оның айтуынша, валютаны тұрақтандыру қазақстандық кәсіпорындардың өндірісінің ресейлік бәсекелестерімен салыстырғандағы айырмасының азаюына әсер етпейді. Сонымен қатар, бұл темір рудасы мен көмірдің бағасының төмендігіне байланысты өз шикізатымыздың активтеріндегі проблемаларды шешпейді. "Нарықтағы жағдай әлі де күрделі. Сонымен қатар, ішкі нарығымызға Қытай мен Ресейден келетін келетін импорттардан қиындық көруді жалғастырып келеміз", - деп жазды компания директоры.

Проблеманы шешу үшін ол қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін жақсарту үшін бұдан да көп күш салуды ұсынады. 

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети