20 қыркүйек 2018 | 12:19

Цеснабанк 450 миллиард теңгені қайда жұмсайтыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Аграрлық секторды сауықтырудың және "Цеснабанк" АҚ орнықтылығын көтерудің тетігі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Аграрлық секторды сауықтырудың және "Цеснабанк" АҚ орнықтылығын көтерудің тетігі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Мұның алдында 19 қыркүйекте ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкі өкілдері "Цеснабанк" АҚ-тан 450 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін бекіткені хабарланған еді.

"Таяу күндері ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін ахуалды жақсартуға, сондай-ақ несие портфелінің сапасын түбегейлі жақсарту есебінен "Цеснабанк" АҚ-ның орнықтылығын арттыруға мүмкіндік беретін тетік іске асырылатын болады", - делінген үкіметтің хабарламасында.

Сондай-ақ, "Цеснабанк" АҚ-тың "ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге берілген валюталық несиелерді несиелендіру мерзімдерін ұзарта отырып, теңгелік несиеге айырбастау тетігін бекіткені айтылады. Бұл агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының қарыздық жүктемесін және сыртқы факторлардың әсерінен болатын бағамдық ауытқуларға тәуелділікті азайтады.

Қолға алынып жатқан іс-шаралар аясында мемлекет елдің аграрлық секторын қолдауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді несиелендіру саласында жетекші орын алып отырған және елдің қаржылық секторы үшін жүйелі маңызға ие "Цеснабанк"АҚ орнықтылығын қамтамасыз етті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети