Ұлттық банк Qazaq Banki лицензиясын тоқтатты

28 Сәуір 2018, 15:01
0
Ұлттық банк Qazaq Banki лицензиясын тоқтатты -

ҚР Ұлттық банкі Qazaq Banki лицензиясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 67 қаулысымен 2018 жылғы 28 сәуірден бастап қоса алғанда 2018 жылғы 27 шілдеге дейін "QazaqBanki" АҚ-тың (бұдан әрі - Банк) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады", - делінген хабарламада.

Бұл шешімді Ұлттық Банк Банктің банктік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу шеңберінде және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін қабылдаған.

Сонымен қатар, лицензияның жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ екені айтылады.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 41 миллиард теңге болған. Банктің жеке тұлғалардың депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,5 пайызы болды.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай