27 сәуір 2022 11:41

Ұлттық банк басшысы базалық мөлшерлеме неге өскенін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚҰБ төрағасы Пірматовтың айтуынша, қазіргі жағдайда инфляцияның өсу үрдісін кері қайтару үшін базалық мөлшерлемені арттыру қажет. Бұл ретте базалық мөлшерлеменің деңгейіне қатысты шешім теңдестірілген және бұл шешім оның экономикалық белсенділікке әсерін ескере отырып қабылданады.

"Біз бұдан несиелеуге және экономикалық өсуге айтарлықтай қауіп төндірмейтінін көріп отырмыз, бірақ инфляцияны бақылау үшін аса маңызды. Белгіленген базалық мөлшерлеме деңгейіне қатысты айтатын болсақ, қазіргі уақытта оңтайлы шешім болғаны сөзсіз және бүгінгі қалыптасқан жағдайға толықтай сәйкес келеді. Жұмсартылған ақша-кредит саясаты бір мезеттік күмәнді пайдаға кенелтуі мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді перспективада оның салдары қайтарымсыз болады", - деді Пірматов ҚҰБ-тың баспасөз-брифингі кезінде.

Брифингте айтылған мәліметке сәйкес, несиелендіру көлемінің өсуіне қарап экономикалық белсенділікті бағалауға болады. Мәселен, бірінші тоқсанда экономикаға берілген жаңа кредиттердің көлемі 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,3 пайызға ұлғайған, оның ішінде бизнеске - 19,6 пайыз, халыққа - 32,5 пайыз.

"Дегенмен, 2022 жылғы наурыздың қорытындысы көрсеткендей, белгісіздік белең алып, несие беру шарттары өзгеріп жатқан жағдайда мөлшерлеменің көтерілгені кредиттеу үшін тежеуші фактор болмайды", - деді Пірматов.

Базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған бұл шешім теңгедегі активтердің тартымдылығын арттырады. Бұл өз кезегінде халықтың райын тұтынушыдан жинақтауға қайта теңдестіруге мүмкіндік береді, делінген ҰБ хабарламасында.

"Сонымен қатар инфляциялық күтулердің траекториясын, инфляция бойынша жаңартылған болжамдарды, жиынтық сұраныс пен импортты, сондай-ақ басқа да қосымша инфляциялық шоктардың пайда болу тәуекелін ескере отырып, ақша-кредит шарттарын одан әрі күшейту үшін де сақталған кеңістік бар", - деп түйіндеді Пірматов.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылы 6 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті (ҚҰБ) 25 сәуірде базалық мөлшерлемені + / - 1,00 п. т. пайыздық дәлізімен жылдық 14 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети