Ұлттық банк "Delta Bank" АҚ лицензиясын тоқтатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© wikicity.kz © wikicity.kz

ҚР Ұлттық бакні "Delta Bank" АҚ-ның жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашатын лицензиясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық бакні "Delta Bank" АҚ-ның жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашатын лицензиясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 78 қаулысымен 2017 жылғы 22 мамырдан бастап қоса алғанда 2017 жылғы 15 маусымға дейін "Delta Bank" АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады", - деді Ұлттық банктің баспасөз қызметіндегілер.

Бұл шешімді Ұлттық Банк банктік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет)
тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметінше, лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке және заңды тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен
клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Delta Bank" АҚ жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 0,6 миллиард теңгені, заңды тұлғалардың депозиттері 115,7 миллиард теңгені құрайды. Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,7 пайызын құрайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer