13 шілде 2022 12:12

Ұлттық банк теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банктің теңгенің тіркелген бағамына көшу мәселесіне қатысты ұстанымы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банктің теңгенің тіркелген бағамына көшу мәселесіне қатысты ұстанымы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, бұрынғы тәжірибе көрсеткендей, тіркелген бағам саясаты қысқа мерзімді тұрақтылық елесін қалыптастырады.

"Оны ұзақ уақыт бойы жасанды жолмен ұстап тұру алтынвалюта резервтерін жұмсау есебінен ғана мүмкін. Нәтижесінде, бұл ұлттық валюта бағамын девальвациялау қажеттілігіне алып келеді", - деді ҰБ өкілі.

Теңгенің еркін өзгермелі бағамы сыртқы ортаның өзгерістеріне бірден ден қоюға мүмкіндік береді.

"Бұл экономикадағы теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды, сондай-ақ елдің алтынвалюта резервтерінің сақталуына ықпал етеді. Сондықтан Ұлттық банк тіркелген бағамға көшу мәселесін қарастырмайды", - деді Молдабекова.

Бұған дейін осындай ұстанымды Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов та айтқан болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети