2015 жылдың ең табысты әншісі анықталды

08 Ақпан 2016, 14:49
0
2015 жылдың ең табысты әншісі анықталды - © litsa.com.ua
© litsa.com.ua

Халықаралық грамжазба федерациясы (IFPI) 2015 жылдың қорытындысы бойынша ең табысты әншіні атады, - деп хабарлайды The Guardian.

Ағылшын әншісі Адель рейтингте көш бастады. Федерация қарашада шыққан "25" пластинасы мен Hello синглының өзге музыканттардың жұмысына қарағанда көп сатылыпты. Туындылар саудада да әлемдік бірнеше рекордты жаңартты.

Тізімде екінші орынды Ұлыбританияның тағы бір орындаушысы Эд Ширан алып отыр. Айта кетейік, ол өз әндерінің сөзін де өзі жазады. Үшінші орында америкалық Тейлор Свифт келеді, ол өткен жылы IFPI рейтингінде бірінші болған еді. Олардан кейін канадалық поп-әнші Джастин Бибер мен ағылшынның One Direction тобы келеді. 

Айта кетейік, Hello бейнебаяны бірінші болып миллиард көріліп жинаған еді. Адельдің жаңа туындысы бұл көрсеткішке 88 күн ішінде жетті, ал корейдің PSY есімді рэперінің Gangnam Style бейнебаяны 159 күнде жеткен болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай