24 тамыз 2017 18:19

31 арна I’m A Singer Kazakhstan жобасы үшін көрермендерге кастинг жариялайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 арна I’m A Singer Kazakhstan жобасы үшін көрермендерге кастинг жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


31 арна I’m A Singer Kazakhstan жобасы үшін көрермендерге кастинг жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бізге өтініш жіберген жүздеген адам "Халық қазылығының" құрамына еніп, ғаламат музыкалық шоудың жеңімпазын таңдау құқығына ие бола алады.

31 арнада биылғы күздің ең айтулы музыкалық оқиғасы I’m A Singer Kazakhstan жобасына қызу дайындық жүріп жатыр. Қатысушылар іріктелді. Енді кезек көрермендерге келді. Талант-шоудың форматына сәйкес ең үздік орындаушы халықтың дауыс беруінің нәтижесінде анықталады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бүгінгі таңда үздіктерді іріктеуді мейлінше тәуелсіз, ең объективті әдісі осы екен. 

"Бұл жобада үздіктерді іріктеудің бүгінгі таңдағы ең демократиялық және объективті әдісі жасақталған. Залда отырған 300-ден аса адам шоудың әрбір эпизодында қатысушыларға дауыс беру мүмкіндігіне ие болады, - дейді 31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметов. - Айта кетейін, "халық қазылығы" құрамына енетін көрермендерді іріктеу әдісі де қатысушыларды іріктеуден кем түспейді. Залда музыканы түсінетін, өнерді бағалайтын жандар отыруы керек. Сонымен бірге, біз Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан және басқа да әртістері жобаға қатысатын елдердің әрқайсысынан көрермен келеді деп келісім жасасып қойдық. Біріншіден, ол объективті пікірлердің қалыптасуына көмектессе, екіншіден, шынымен да нағыз мықтыны анықтайтын халық қазылығы дегеніміз осы".      

I’m A Singer Kazakhstan шоуының қатысушысы атанып, "Халық қазылығының" құрамына енуге кез келген қазақстандық үміт білдіре алады. Ол үшін "Халық қазылығы" деген белгі салып, casting@31.kz мекенжайына өзіңіз жайында ақпаратты және әлеуметтік желідегі парақшаңыздың сілтемесін жіберуіңіз керек. Жасқа шектеу қойылмайды.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети