29 қыркүйек 2014 16:01

Hadn't tea тобы "На вершине Тенгри" финалисі атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Hadn't tea тобының жетекшісі Андрей Дубоделов. Фото музыканттың "Вконтактедегі" жеке парағынан алынды Hadn't tea тобының жетекшісі Андрей Дубоделов. Фото музыканттың "Вконтактедегі" жеке парағынан алынды

28 қыркүйек күні Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының қыркүйектегі финалдық концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресейдің "Агата Кристи" рок-тобының бұрынғы фронтмені Глеб Самойловпен бір сахнада үш финалист - iFly, "Алатау Jam" және Hadn't tea топтары өнер көрсетті.


28 қыркүйек күні Алматыда "На вершине Тенгри" жобасының қыркүйектегі финалдық концерті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресейдің "Агата Кристи" рок-тобының бұрынғы фронтмені Глеб Самойловпен бір сахнада үш финалист - iFly, "Алатау Jam" және Hadn't tea топтары өнер көрсетті.

"Қазылар алқасы төрт апта бойы командаларды іріктеді, тоғыз топтың ішінен "На вершине Тенгри" жобасының финалына үшеуі ғана өтті. Қазақстандық топтардың кәсіби деңгейі айтарлықтай жоғары, сондықтан оларға өз шығармаларын акустикада орындау қиын болған жоқ. Бұл концертте олар өз мүмкіндіктерін көрсете алды, акустиканың форматы көрерменмен мейлінше тығыз байланысты талап етеді", - деді Tengri FM радиосының креативті директоры Сергей Майборода. 

Сахнаға бірінші болып, iFly мүшелері шықты. Ксения Сухомазова жетекшілік ететін команда бірнеше ән орындады. Содан кейін "Алатау Jam" тобы өнер көрсетті. Солист қыз өзінің жүктілігіне қарамастан, сахнаның көрігін қыздырды. "Ешқандай ыңғайсыздықты сезінген жоқпын, мұндай жағдайда сағат тоғыздан алтыға дейін кеңседе отыру қиын. Ал бұл - сахна, нағыз керемет", - деді Марина Попова. Ол акустикада өнер көрсетудің қиын екенін айтты, сол себепті топ концертке ұзақ дайындалған. Попова "На вершине Тенгри" жобасы аясындағы шараның маңызын атап өтті, ол мұны жас музыканттар үшін тәжірибе алмасу алаңы деп есептейді.

Ал Hadn't tea тобы үшін акустикалық шығармалар орындау таңсық жайт емес. Олар көп әндерін қайта өңдеген, дегенмен шығармашылықтың негізі - регги қалған, бірақ лирика көп қосылды.

Командалардың өнер көрсетуінен соң "На вершине Тенгри" жобасын ұйымдастырушылар жеңімпазды жария етті. Hadn't tea командасы желтоқсан айындағы финалға өтіп, 100 мың теңге жүлдеге ие болды.

Марапаттау салтанатынан соң көпшіліктің алдына қара киім киген Глеб Самойлов шықты. Ол "Агата Кристи" тобының әндерін, кейін өзінің қазіргі The Matrixx тобының шығармаларын орындады. Концерт алдында музыкант журналистерге сұхбат берді. Қазақстанға соңғы рет "Агата Кристидің" қоштасу туры аясында 2009 жылы келгенін айтқан Самойлов мұнда тағы жолы түскеніне қуанышты екенін атап өтті. "Біз бес жылдан бері "Агата Кристи" әндерін орындамаймыз, халық оны біледі. The Matrixx тобы электр аспаптармен жазылған бес альбомын шығарды. Мен ән жазамын, өмірімнің 22 жылын арнаған "Агата Кристи" шығармашылығынан әдейі алыстап кетпей жүрмін. "Агата Кристи" әндерінің псевдомистицизмі әлі төңіректеп жүр деп ойлаймын. Әндерімізде бұрынғы ертегілер әлі бар, бірақ бүгінгі өмірдің ащы шындығы басым", - деді Самойлов.

Айта кетейік, Tengri FM ұлттық радиостанциясы ұйымдастырған "На вершине Тенгри" жобасының алтыншы маусымы аясындағы концерт Event City Hall клубында өтті.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети