02 маусым 2016 08:02

The Spirit of Tengri фестивалі Қазақстанның зор мүмкіндігі болуы мүмкін - пікір

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тhe Spirit of Tengri халықаралық заманауи этно-музыкалық фестивалі Қазақстанның зор мүмкіндігі болуы мүмкін. Мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне Kaspi Bank АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким айтты. Kaspi Bank (Kaspi.kz) осымен үшінші рет фестивальдің басты серіктесі болып отыр.


Тhe Spirit of Tengri халықаралық заманауи этно-музыкалық фестивалі Қазақстанның зор мүмкіндігі болуы мүмкін. Мұндай пікірді Tengrinews.kz тілшісіне Kaspi Bank АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким айтты. Kaspi Bank (Kaspi.kz) осымен үшінші рет фестивальдің басты серіктесі болып отыр.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл шара тек біздің қаланың ғана мүмкіндігі емес, сонымен қатар басқа елдің тұрғындарына да жағымды ықпалын тигізеді.

"Біз бұл жобаны басынан бері қолдап келеміз. Жобаның қазақстандықтардың арасында этникалық музыканың танымал болуына үлкен септігін тигізеді. Қазақстан негізі ұлы түрік мәдениетінің ұрпағы болуға құқы бар. Меніңше, биыл қызығырақ бағдарлама болады. Біз бұл фестивальдің патриоттық бастау алатынына, үлкен әлеуметтік жауапкершілікті көрсете алатынына сенеміз. Жобаның қатысушыларын жыл сайын Ресей мен Еуропаға шақырады. Келесі жылы фестиваль өзінің бес жылдығын атап өтеді. Сонымен қатар, Астанадағы EXPO-2017 көрмесінде фестивальдің этно-ұжымы таныстырылады деп сенемін", - деді Вячеслав Ким.

Өз кезегінде Kaspi Bank АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің айтуынша, олар этникалық музыка фестивалін қолдап отыр. "Біз осымен төртінші рет өтетін фестивальдің алматылықтарға ұнайтынына сенеміз, себебі онда этникалық музыка, тамаша топтар өнер көрсетеді, біз де осы жобаға қатысып рақаттанып жатырмыз. Бұл Алматы үшін жақсы дәстүр. Мен де біздің тамаша қалаға кейін де халықтың осы жобаны көруге келуін қалаймын. Болашақта жобаны жалғастырып, дамытып, өзім де жобаны дамытуға қолымнан келгенше атсалысамын", - деді ол.

Айта кетейік, The Spirit оf Tengri-2016 фестивалі Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. "Тақырып қиын. Біздің елде өркениет әлдеқашан дамып кеткен, тіпті 1000 жылдан асып кеткен шығар. Сондықтан  біз әрқашан осыны түбіне дейін зерттеп, фестивальге арнайы кішігірім телевизиялық жобаны түсіріп жатырмыз. Жобаны фестивальде көрермендерге ұсынамыз. Алматы Жетісу мәдениетінің дамуына ғана емес, басқа да мәдениеттердің дамуына үлкен әсерін тигізген тамаша жер. Алматы Ұлы Жібек Жолы үшін маңызды жер болатын. Бізге әлі де Алматы туралы көп нәрсе білу керек, сондықтан фестивальді осы күнге белгіледік", - деді Alash Media Group бас директоры Батыр Қазыбаев.

Айта кетейік, екі күндік халықаралық заманауи этно-музыкалық The Spirit of Tengri фестивалі open-air үлгісінде Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді. Концерт сағат 17.00-де басталады. Қонақтарға кіру тегін. Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады.

Биыл фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатысады. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тува), DJ Rizzo (АҚШ), "Аргымак" (Башқұрстан), Екатерина Ямщикова (Башқұрстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) и Sintas (Қытай). Фестивальге техникалық көмек көрсететін - KZ Sound компаниясы, ресми әуе тасымалдаушы - AirAstana. Ал фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети