Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

XX ғасыр сазгерлерінің шығармалары орындалады

25 Ақпан 2014, 16:39
0
"Астана Опера" театрының камералық оркестрі
"Астана Опера" театрының камералық оркестрі
28 ақпанда "Астана Опера" театрының камералық залында "ХХ ғасыр сазгерлерінің шығармалары" атты концерт өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Коцертте өткен жүзжылдықтағы америкалық, батыстық және кеңестік сазгерлердің шығармалары орындалады. Көрермендер Моррикон, Бриттен, Прокофьев, Стравинский секілді әлемдік сазгерлердің және Сетеков, Мұхитдинов сынды қазақстандық музыканттардың шығармаларын тыңдай алады.

"Астана Опера" театрында Америкалық мектептің өкілі Гершвиннің блюздік өңдеуде кеңінен танымал "Порги и Бесс" операсынан "Клараның бесік жыры" шығармасының классикалық нұсқасы орындалады.

Музыкалық кеште "Астана Опера" театрының солистері Алмат Жайлаубаев, Елена Ганжа, Айсұлу Байкенова, Бағдат Әбілхановтар өнер көрсетеді. "Астана Опера" камералық оркестріне республикалық байқаулардың лауреаты Руслан Баймурзин дирижерлық жасайды.

Музыкатанушы Сәуле Мәулетованың айтуынша, XX ғасыр музыкасы өте күрделі, көпқырлы болып келеді. Концертте аспап орындаушыларының да өнері айшықты көрініс таппақ.

Концерттің басталуы: 19.30; билет бағасы 3 000 теңге.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай