Алматыда "Оркестрлер шеруі" фестивалі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Оркестрлер шеруі" фестивалі ашылды ©Болатбек Мұхтаров

Алматыда "Оркестрлер шеруі" V классикалық музыка фестивалі ашылды. Фестиваль Мәдениет және демалыс орталық саябағының жаңадан салынған "Шабыт" жазғы амфитеатрында үш күн бойы өтеді. 2000 адамға арналған амфитеатр ашық аспан астындағы заманауи ауқымды музыкалық шараларға бейімделіп тұрғызылған. "Оркестрлер шеруінің" алғашқы күні жазғы театр көрерменге лық толды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Оркестрлер шеруі" V классикалық музыка фестивалі ашылды. Фестиваль Мәдениет және демалыс орталық саябағының жаңадан салынған "Шабыт" жазғы амфитеатрында үш күн бойы өтеді. 2000 адамға арналған амфитеатр ашық аспан астындағы заманауи ауқымды музыкалық шараларға бейімделіп тұрғызылған. "Оркестрлер шеруінің" алғашқы күні жазғы театр көрерменге лық толды.

Фестивальдің бірінші күні Алматы қаласы әкімінің Александр Беляков жетекшілік ететін эстрадалық-симфониялық оркестрі мен ресейлік KVATRO вокал коллективі өнер көрсетті. Концерт оркестрдің орындауындағы Артур Оренбургскийдің "С любовью из Казахстана" шығармасымен ашылды. Бұдан соң сахнаға шыққан ресейлік квартет Томазо Альбинонидің "Адажиосын", Агустин Лараның "Гранадасын", Чезарио Биксионың "Мама" әнін, "Кармен", "Турандот" операларындағы арияларды және "ұлы орыс романсы" аталып кеткен жанрдың жарқын үлгілерін орындады. Bella ciao, Americano, Besame mucho сияқты танымал әндер де шырқалды.

Өнер ұжымы оркестрдің сүйемелдеуінсіз де ән салып, көрермендердің ықыласына бөленді. Алматылықтар кеш соңында музыканттардан сахнадан кетпеуді, тағы бір ән салуды өтінді. KVATRO Флориан Герман мен Евгений Гребинканың әйгілі "Очи черные" әнін орындап, мінсіз вокалымен, биік кәсіби шеберлігімен тыңдармандарды тәнті етті.

10 қыркүйек күні "Оркестрлер шеруінде" Н.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі қазақ композиторлары мен Жорж Бизе, Эдвард Григ, Джакомо Пуччини, Арам Хачатурян сияқты әлем классиктерінің шығармаларын ұлттық аспаптар үнімен жарастырады. Фестивальдің соңғы күні Қанат Ахметов жетекшілік ететін Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі әлемге әйгілі мюзиклдер әуендерін орындайды. Бұл күні гитарашы Вахтанг Торели де өз өнерін ұсынады.

Еске сала кетейік, өткен жылы "Оркестрлер шеруінде" "Отырар сазы" оркестрі мен Ресейдің Империялық орыс балеті театры "Шахерезада" қойылымының әлемдік премьерасын өткізген болатын. Н.А.Римский-Корсаковтың әйгілі симфониялық сюитасы тұңғыш рет қазақтың ұлттық аспаптарымен орындалып, осы музыкаға қойылған балетке өзгеше өң берді. Ал 2012 жылы өткен "Оркестрлер шеруі" фестивалі Италияның атақты опера әншісі Алессандро Сафинаның жеке концертімен есте қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети