22 тамыз 2014 | 11:59

"Оркестрлер шеруінде" әйгілі мюзиклдердің әуендері орындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

9 - 11 қыркүйек күндері Алматының Мәдениет және демалыс орталық саябағындағы жазғы амфитеатрда V "Оркестрлер шеруі" ашық аспан астындағы музыка фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


9 - 11 қыркүйек күндері Алматының Мәдениет және демалыс орталық саябағындағы жазғы амфитеатрда V "Оркестрлер шеруі" ашық аспан астындағы музыка фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оркестрлер шеруін" 9 қыркүйек күні Александр Беляков жетекшілік ететін Эстрадалық-симфониялық оркестрдің орындауындағы танымал классикалық шығармалар ашады. Шараның арнайы қонағы - "Кватро" тобының солистері. 

10 қыркүйекте Н.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестр көрермендерге Абай мен Нұрғиса Тілендиевтің танымал шығармаларын орындайды. Бұл күні кеш қонақтары Бизе, Григ, Верди, Хачатурян сияқты әлем классиктерінің туындыларын қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының орындауында тыңдай алады.

"Оркестрлер шеруінің" жабылатын күні Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі алматылықтар мен қала қонақтарына "Мысықтар", "Иса пайғамбар - супержұлдыз", "Юнона мен Авось", "Аластатылғандар", "Чикаго" сияқты әлемдік мюзиклдердің әуендерін ұсынады. 

Айта кетейік, "Оркестрлер шеруі" - Алматы қаласы күнін мерекелеу аясындағы шаралардың алғашқысы. Қала күні шеңберінде өтетін мәдени шаралар туралы мына жерде толық жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети