22 қыркүйек 2020 08:51

Алматылық мұғалім Димаштың жанкүйерлеріне қазақ тілін тегін үйретіп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сандуғаш Оразова Сандуғаш Оразова

Алматылық Сандуғаш Оразова Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне қазақ тілін тегін үйретіп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық Сандуғаш Оразова Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне қазақ тілін тегін үйретіп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамыр айында Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлерінің бірі Facebook желісінде қазақ тілінің мұғалімін іздеп жүргенін жазған. Сандуғаш оған жауап берген және содан бері қалаған жандарға қазақ тілін үйретіп жүр. Тіпті арнайы видеосабақ түсіріп, Димаштың фанклубының YouTube-каналына жүктейді.

"Димаштың арқасында қазақ әндері және қазақ тілі дүние жүзіне танымал болды. Оны мақтан етемін. Мен де қазақ тілінің және мәдени мұрамыздың шетелдіктер арасында кең таралуына үлес қосқым келеді. Сондықтан хабарламаға жауап жазып, қазақ тілін тегін оқыта бастадым. Қыздар тілді үйрене бастады және олардың өтінішімен "Дайдидаудың" сөздерін жаттадық. Әрі қарай да Димаш орындайтын әндерді жаттаймыз", - деді Сандуғаш.

Бүгінде 40 елден 100-ден аса студент оқып жатыр. Олардың арасында Чили, Гватемала, Колумбия, Аргентина, Филиппин және басқа елдің тұрғындары бар.

Сандуғаштың өзі де Димаштың жанкүйері және оның көптеген концертінде болған. 

"Осы сәтті пайдаланып, Қазақстанды әлемге танымал етіп жатқан теңдессіз еңбегі мен Отанына деген махаббаты үшін Димашқа алғыс айтқым келеді", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети