28 қыркүйек 2021 09:55

Алматылық музыканттар "Би-2" тобының байқауында жеңіске жетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық жас музыканттар Otty мен Jexy - Руслан Отыншин мен Нұрхат Жексенов - "Куртки Кобейна_Кавер" байқауында бірінші орын алды. "Куртки Кобейна" атты музыкалық жобаның негізін қалаушы, продюсер, "Би-2" тобының мүшесі - Шура (Александр Уман), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық жас музыканттар Otty мен Jexy - Руслан Отыншин мен Нұрхат Жексенов - "Куртки Кобейна_Кавер" байқауында бірінші орын алды. "Куртки Кобейна" атты музыкалық жобаның негізін қалаушы, продюсер, "Би-2" тобының мүшесі - Шура (Александр Уман), - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыканттар топтың екі әнін - "Люди на эскалаторах" и "Упражнения в равновесии" лирикалық-би ремиксі ретінде орындап, қазылар алқасын таңғалдырды.

"Мен байқау туралы досымның Instagram-ынан кездейсоқ білдім, сақтап қойдым, сосын қайта қарадым. Шынымды айтсам, бұрын бұл топ туралы білмедім. Шураны "Би-2-ден" көрдім және бұл маңызды деп ойладым. Таңдауға төрт ән берілді, мен кавер жасауым керек еді", - деді Руслан.

Аранжировканы Нұрхат Жексенов жасады. Otty-дің айтуынша, олар кавердің ерекше нұсқасын жасауға тырысып, екі әнді біріктіруді шешкен. Кешке трек жазылды, ол барлық туынды арасында ерекше болу үшін қайтадан видео түсіру керек болған. 

"Біз шатырда, таң атқанда түсіргіміз келді, бірақ үлгермедік. Нәтижесінде, Атакент саябағында қызық жерлерді таңдап түсірдік. Содан кейін өңдедік. Мен бұрын суретке түсіріп, өңдеуді білетіндіктен, оны өзім өңдеуді ұйғардым. Оған бес күн керек болды, содан кейін жұмысымызды тапсырдық", - деп қосты Руслан.

Музыканттар байқауға үлгермей қалудан қорыққан, бірақ сайыс екі аптаға ұзартылған. "Шынымды айтсам, біз алаңдадық", - деп мойындады Otty. Нәтижелерді жариялау үш аптаға созылды. Байқау көктемде жарияланып, қорытындысы маусымда шықты. Жігіттер 100 мың рубль алды (600 мың теңге). Музыканттар бір-бірін бетпе-бет көрмеген, бірақ Русланның айтуынша, ұйымдастырушылар оларды Мәскеуге шақырған.

Байқаудың үздік жұмыстары арнайы альбомға енгізілді.

Руслан Отыншин - артист (24 жаста), Нұрхат Жексенов - дыбыс продюсері (22 жаста). 2019 жылға дейін Руслан Отыншин Q-pop стилінде өнер көрсететін "Ньютон" тобында болды. Топ тарағаннан кейін, жігіттер жеке әндерін шығара бастады, әзірге олар бірге алты ән шығарды. Жаңа бірлескен жұмыс 1 қазанда шығады. Джексидің әйгілі шығармаларының бірі - Mona Songz орындаған "Салют, Вера" әні. Ол бірнеше апта бойы музыкалық чарттарда бірінші орынды иеленді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jexy on the beat (@jexymusic)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети