Алматыда ресми ашылуы бүгін сағат 17.00-де болатын The Spirit of Tengri 2019 Халықаралық байқауына соңғы дайындықтар жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Karavan Sarai тобының қатысушылары (Мысыр, Иран, АҚШ), сонымен қатар, The Spirit of Tengri ресми фан-клубының негізін қалаушы Криспин Чоката іс-шараға деген өз көзқарастарын білдірді.
Алматыда ресми ашылуы бүгін сағат 17.00-де болатын The Spirit of Tengri 2019 Халықаралық байқауына соңғы дайындықтар жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Karavan Sarai тобының қатысушылары (Мысыр, Иран, АҚШ), сонымен қатар, The Spirit of Tengri ресми фан-клубының негізін қалаушы Криспин Чоката іс-шараға деген өз көзқарастарын білдірді.
Ұлы шоу әлемнің 16 елінен 70-тен астам музыканттың қатысуымен 25-26 мамырда Республика сарайының алдындағы Абай алаңында (Абай-Достық) өтеді. Концерттер сағат 17.00-де басталады, кіру - тегін. Фестиваль жастар жылы мерекесі аясында Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Фестивальдің бас серіктесі - Salem Social Media компаниясы.
Karavan Sarai тобының қатысушылары бір мезгілде үш елді - Мысыр, Иран және АҚШ-ты таныстырады. Бұл топтың музыкасы - Ұлы Жібек жолындағы керемет саяхат, парсы кілеміндегі үлгілерге ұқсайтын әртүрлі музыкалық ағымдардың керемет симбиозы іспеттес. Narayan Sijan команданың негізін қалаушы, мульти-аспапшы, ежелгі әндер мен эстрадалық әуендерді мақтанышпен ойнайды. Оның серіктесі Sonia Ochoa Парсы халықтарының қасиетті биін орындайды. Өзіндік тың перформансқа куә боласыз.
"Біз Қазақстанға алғаш рет келдік. The Spirit of Tengri фестиваліне қатысу біз үшін зор мәртебе! Өйткені әртүрлі мәдениеттердің өкілдері бір орынға жиналады, біз сол тілде сөйлейміз - музыка мен бидің тілі, қысқа уақыт ішінде біз байқаған қазақ және мысыр мәдениетіндегі ұқсастықтар бар: біз ұлттық тағамдарды көрдік, домбыраның әуенін естідік, біздің команда, әрине, жарқын шоуды күтеді. Фестивальда дәстүрлі ырғақтар мен этномәдениеттің жаңа бағыттары өзара үйлесетін композицияларды көрсетеміз", - деді Narayan Sijan.
Сонымен қатар, The Spirit of Tengri фестивалінің ресми фан-клубы құрылғаны айтылды. Құрылу тарихы туралы негізін қалаушы Криспин Чоката айтты:
"Мен этникалық музыканы жақсы көремін, The Spirit of Tengri фестивалін кездейсоқ кездестірдім - бес жыл бұрын өтіп бара жатып, керемет шоудың куәсі болдым, жыл сайын бұл фестивальдің тыңдармандарының көбейгеніне қуаныштымын. Біз тіпті әлеуметтік желілерде топ құрдық, бір-бірімізбен танысып, фестивальда ұнайтын әндерді жазып жариялап жүрдік, керемет музыканы жақсы көреміз, осы фестивальді ұйымдастырушыларға зор алғыс айтамыз, биыл бір жерде жиналып, көптеген сүйікті әртістерді тыңдаймыз".
Фестивальдің фан-клубына мына жерде қосылуға болады.
Осыған дейін, заманауи этникалық The Spirit of Tengri 2019 халықаралық фестивалінде Қазақстан атынан Ethno5 және Ashina тобы, әзірбайжандық Natig Rhythm Group тобы, үндінің The Raghu Dixit Project тобы, тывалық Радик Тюлюш, Svjata Vatra эстон-украин тобы, мажарлардың Kerekes Band тобы, сондай-ақ, мозамбиктің Childo Tomas ұжымы өнер көрсететіні анықталған еді. Сондай-ақ, Өзбекстан, Мали, Нигер Республикасы, Алжир, Грузия, Мысыр, Иран және АҚШ елдерінен музыканттар келеді деп жоспарланған.
Сондай-ақ, Alash Media Group медиахолдингінің бас директоры, фестивальге идея беріп, шабыттандыратын Батыр Қазыбаев жыл сайын өтіп жатқан шоуларда оны қатты таңғалдырған сәттер жайлы, шетелдіктердің фестивальді қалай қабылдайтыны, сондай-ақ, 2029 жылы бұл жобаның қалай өтетінін айтып берді. Salem Social Media компаниясының бас директоры Александр Аксютиц алдағы фестивальдің ерекшелігі мен қазақстандық сапалы контентті жасау жолындағы өзара әріптестіктің маңыздылығын және The Spirit of Tengri - қазақстандық өндірістің мәдени өнімі, ол соңғы жылдар ішінде жаңа нәрсені ашу үрдісін жақсы көретін музыканттарды біріктіргенін атап өтті. Ал Алматы әкімі Бауыржан Байбек 23 мамырда Еуразиялық медиафорум қатысушыларын осы демалыста қалада өтетін The Spirit of Tengri фестивалін тамашалауға шақырды: "Демалыс күндері The Spirit of Tengri дәстүрлі этникалық музыка фестивалі өтеді. Осы мерекеге форумның барлық қатысушысын, демалыс күндері қалада қалатын адамдарды музыка тыңдауға шақырғым келеді. Барлығыңызға қонақжайлықты сезініп, қаланың әсем табиғаты мен көрікті жерлерін тамашалап, ұлттық мәдениетіміз туралы көбірек білуді тілеймін".
Фестиваль қолдаушысы - Tez Tour Kazakhstan туроператоры, ал KZ Sound компаниясы техникалық қолдау көрсетеді. Фестивальдің ресми суы ‑ Samal. Қонақтарды Salben Club кешені күтіп алады.
The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасын 2012 жылы Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанциясы құрған. Тамаша музыкалық қойылымның мақсаты ‑ қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальді ұйымдастырылып жатқалы 120 мыңнан аса адам тамашалаған. The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер - ақпараттық көркем материалдар мен видео контентпен сүйемелденетін жарқын, әсем музыкалық шоу. Сондықтан, оларға тек ойын-сауық емес, білім беру сипаты да тән.
Жыл сайын The Spirit of Tengri сахнасына әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал әртістер шығады. Фестиваль өтіп келе жатқан уақыттан бері 80-нен аса елдің белгілі музыканттары мен ұжымдары қатысып шықты. Фестиваль командасы отбасы мерекесінің ерекше атмосферасын туғызып, онда Алматы тұрғындары мен қонақтары асқан қызығушылықпен жиналады. Олар жәрмеңке аралап, этникалық шеберлер қалашығын тамашалап, киім, музыкалық аспап және ескерткіштер сатып ала алады. Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерінде таратылып, онлайн-алаңдарда тікелей эфирге шығады.
Алдыңғы жылдары фестивальді Kaspi.kz пен Magnum Cash & Carry қолдаған болатын.