Әнші Шахаризат Сейдахмет Қытайда бейнебаян түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Шахаризат Сейдахмет Қытайда бейнебаян түсірді

Әнші, "Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші, "Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аруларым-ай" атты әннің бейнебаяны Қытайда түсірілген. Әншінің айтуынша, түсірілім жұмыстарына үш күн жұмсалыпты. "Туындының әнін өзім жаздым. Осыған дейін этно-рок бағытында ән айтып келдім. Енді өзімді лирика бағытында да сынап көргім келеді. Бұл менің махаббат жайлы алғашқы әнім. Тыңдармандарымның көңілінен шығады деп үміттенемін", - деді әнші. Айта кетейік, бейнебаянда басты рөлді әншінің өзі сомдайды. Әнші жыл соңына дейін тағы бес бейнебаянын жарыққа шығаратынын айтты.

Шахаризат Сейдахмет "Қазақстан дауысы - 2013" жеңімпазы, ол жобадан кейін "Мақпалжанмен" тыңдармандарының жүрегіне жол таба білді. Тыңдармандары оны ұлттық нақыштағы әндерімен таниды.
 
Еске сала кетейік, әншінің "Мақпалжан" әніне түсірген бейнебаяны бұған дейін де сайтымызда жарияланған болатын. "Бұл әнге 2005 жылы қызығып, Қажымұрат Шешенқұл ағамыздан рұқсат алғымыз келген еді. Бірақ ол уақытта мүмкіндік бола бермеді. Одан кейін бұл әнді Тоқтар Серіков те, ән авторы да орындады. Бірақ бұл әнді біз өз стилімізде орындап, халыққа жеткізгіміз келді", - дейді Шахаризат Сейдахмет. Бейнебаянды AIMVI пордюсерлік орталығы Алматы маңында әлемге әйгілі Nickelback рок-тобының стилінде түсірді. Әнді орындауда электрдомбыра қолданылды.
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети