21 ақпан 2017 | 18:39

Асылбек және Сырымтай Еңсеповтердің жаңа бейнебаянын Ақан Сатаев түсіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Бауыржан Жақсымбет Сурет: Бауыржан Жақсымбет

Ақан Сатаев Сырымтай Еңсеповке клип түсіруді бастады Бүгін Алматы қаласында Сырымтай Еңсеповтың жаңа бейнебаянының түсірілімі басталды,  деп хабарлайды Massaget.kz


Иконка комментария блок соц сети

Ақан Сатаев Сырымтай Еңсеповке клип түсіруді бастады Бүгін Алматы қаласында Сырымтай Еңсеповтың жаңа бейнебаянының түсірілімі басталды,  деп хабарлайды Massaget.kz

"Заман-ай" деп аталатын клиптің негізгі сюжеті сонау қазақ хандығының бастау алған уақытынан бастап, бүгінгі ел тәуелсіздігіне дейінгі уақытты қамтымақ. Бұл туындының режиссері және продюсері көпке танымал Ақан Сатаев болған екен. Қазақ киносында өзіндік орны бар маман осы әнді тыңдағаннан кейін дереу келісімін бергенін айтады. "Себебі қазақтың тарихын көрсететін туындыны бірден жылы қабылдадым. Сырымтай мен Асылбектің жасап жатқан дүниесі үлкен масштабтағы аудиторияны қамтиды деп ойлаймын. Өйткені қазақ қоғамына мұндай дүниелер ауадай қажет", - дейді Сатаев.

Сонымен қатар, режиссердің айтуынша, бұл туындыға Сырымтайдың туған ағасы Асылбек Еңсепов та қатысады. Керемет күйімен күллі қазақты баурап алған Асылбек Еңсепов бұл клиптің жарыққа шығатынына қатты қуанғанын айтып, өз ойын бөлісті. Күйшінің айтуынша,"Заман-ай" деген атаудың өзі негізінен "уақыт" деген мағынаны білдіреді. "Клипте қазақ елінің уақытын сол XV ғасырдан, XXI ғасырға дейін алып келеміз. Бүкіл қазақ хандығынан бастау алып, Екінші Дүниежүзілік соғыс, тоқсаныншы жылдар туындыда жинақталған. Абай Құнанбаев, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Құрманғазы мен Дәулеткерей сынды қазақ тарихында есімі қалған тұлғалармен қатар, Сталин мен Ленинді де көрсетіп, қазіргі алтын ғасырға дейін алып келеміз", - дейді ол.

Үлкен істі бастаған Сырымтайдың өзі бұл туралы былай деді: "Ең бірінші себепші болған - әрине композиция. Бұл әннің композиторы Төлеген Мұхамеджанов ағамыз, ал сөзі Әбдірахман Асылбеков ағамдікі. Өнер адамдарында бір әнді тыңдап, бұл менікі-ау деген бір сезім пайда болады. Осы әнді Төлеген аға екеуміз тыңдап, сол кезде ағам "Сырымтай, осы ән сенің жолыңды ашсын, осы ән сенің бағынды ашсын" деп батасын берген. Сол кезден бастап бұл әнді жарыққа шығаруға кірістік. Кейіннен "осы әнге клип түсірсек қалай болар екен" деп Асылбек ағам екеуміз ақылдасып, бір шешімге келдік. Қазір түсірілімнің алғашқы күні сәтті өтіп жатыр. Бұйыртса наурыз айының аяғында жарыққа шығарамыз деген жоспар бар".

"Тың туындыны жарыққа шығаруға ниетті адамдар барлық құпияны бірден жайып салуға болмайтынын жеткізді. Алайда, керемет графика мен сапалы дүниенің шығатынын ескертті. Бір айға жуық уақыттың ішінде жарыққа шығатын жаңа клип нағыз жаңалықтың жаршысы болуы мүмкін. Себебі, киноларымен жұртшылықты тәнті еткен Ақан ағамыздың бұл іске де ат үсті қарамайтыны белгілі. Ал түсірілім тобы мен Асылбек пен Сырымтай Еңсеповтарға үлкен жобаларыңыз сәтті аяқталсын дейміз", - деп тілек білдірді басылым тілшілері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети