27 желтоқсан 2016 13:39

"Бала дауысы" финалистері бүгінде немен шұғылданып жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бала дауысы" байқауының сахнасында шырқалған әндердің әуені құлақтан да, көңілден де кете қойған жоқ. Оның үстіне белсенді, өнердің кішкентай өрендері өздері жайлы ұмыттырмақ емес. 16 өңірден жиналған маржан дауысты балалар бүгінде немен шұғылданып жүр?


"Бала дауысы" байқауының сахнасында шырқалған әндердің әуені құлақтан да, көңілден де кете қойған жоқ. Оның үстіне белсенді, өнердің кішкентай өрендері өздері жайлы ұмыттырмақ емес. 16 өңірден жиналған маржан дауысты балалар бүгінде немен шұғылданып жүр?

Бір ай бойы бір шаңырақ астында шаттыққа толы күндерді кешкен ұл-қыздар қарашаның қызықты сәттеріне қош айтып, Павлодар қаласында өтетін "Бала дауысы-2017" байқауының ашылу салтанатын тағатсыздана күтуде. Күту өз алдына, бастысы, олар осы жылға қорытынды жасауға болатындай еңбек етті.

"Бала дауысының" жеңімпаздары Мария мен Мерхат Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Павлодар қаласында өткен концертте байқаудағы тəлімгері Толқын Забировамен əн шырқады. Шырқап жүріп "Балапан" телеарнасының "Балапан жұлдызы" балалар премиясына шақырту алды. Кештің қонағы ретінде біздің жұлдыздар "Ғажайып әлем" әнін орындай жарқырап, кішкентай­ балдырғандарға керем­ет көңіл-күй сыйлады.­

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы арнайы республика бойынша тойланып, ұлан-асыр мерекеге ұласты. Халықтың құрметіне ұйымдастырылған іс-шаралардан біздің дарындар да қалыс қалмады. Айым Елтайқызы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында "Сазген" ансамблінің сүйемелдеуімен "Елге сәлем" әнімен әсерлі күй қалдырса, трионың қалған солистері Әмір Қайсар, Нұржан Әбілқасым де жаңа жыл қарсаңында "Жетісу" арнасының "Таңжарық" таңғы бағдарламасының тікелей эфирінде топтың жалғыз еркесімен қонақ болып қайтты.

Шығыстың кішкентай сұлуы, әнді тани білетін Дарина Семейде қала жарнама бөлімінің өткізген іріктеуінен өтіп, жаңа фотосессияға дайындалуда. Оған қоса білім алып жатқан мектеп қабырғасында ұйымдастырылған шаралардан қалмай ат салысып, оң нәтижелер көрсетті. Ал "Бала дауысында" достықтары жарасқан құрбылар атыраулық Рауан Матаева мен ақтөбелік Айым Ұзақбаева Алматы қаласында II республикалық "Шырқа, дауысым" атты байқауында бақтарын сынады. Екі күнге жалғасқан ән жарысында қос құрбы бір-біріне қолдау көрсетіп, демеу болды және жеңістен де құр қалмады. Айым II-орын иегері атанса, Рауан Матаева бас жүлдені еншіледі. Осылайша екі бірдей жүлделі орынға ие болған қыздар ән өнерінің сұлулығына екі есе көрік берді. Ән бәйгесін соңына қалдырып, Ақтөбе облысы әкімінің дарынды балаларға ұсынған жолдамаларының бірін иемденген Айым Астана қаласына саяхатқа жол тартты.

"Бала дауысының" жігіттері де түсірілімнен түсірілімге асығып, концерттен концертке қатысып жүр. Солардың бірі шымкенттік трио "13". Топтың солисі Диас Жорабек Республика сарайында өткен  ҚР еңбек сіңірген əртісі Майра Ілиясованың "Қазақтың Майрасы" шығармашылық əн кешіне шақырту алып, "Назқоңыр" əнін орындады. Бұл да біз бен сіз үшін үлкен қуаныш. Ал қыздардан құралған "Каспий толқындары" триосы "Қазақстан-Ақтау" телеарнасының жаңа жылдық бағдарламаларына қатысты. "Ән әлемінен сыр шертетін жаңа жылдық кештің теленұсқасын 31 желтоқсан күні тамашалаңыздар", - деп жазды топ мүшесі Луиза Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, "Бала дауысының" финалистері Ермек, Адина, Әділхан, Айлун, Есения, Малика, Ясмин, Дулат, Әлихан байқау аяқталғаннан кейін жолдастарынан қалыспады.

"Бала дауысы" байқауы мен оның кішкентай балақайлары үшін бұл жыл жең түріп еңбек етіп, сол еңбектің жемісті жаңалықтарымен бөлісер жыл болды. Мерекелік концерттерге қатысты, үлкен марапаттарға ие болды. Келешегінен үміт күттіретін ұл-қыздардың алар асуы, өтер белесі әлі алда. Олардың ендігі арманы - қарлы күндерді қалдырып, көктемнің шуағы жылытар күнді, нақтырақ айтсақ, Павлодар қаласында өтетін "Бала дауысы-2017" байқауының ашылу салтанатында достарымен, тыңдармандарымен кездесу.                                                          

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети