"Бәрі жанды дауыста ән айтады". Máńgilik El Daýysy жобасына дайындық қалай жүріп жатыр?

30 Қазан, 16:25
0
"Бәрі жанды дауыста ән айтады". Máńgilik El Daýysy жобасына дайындық қалай жүріп жатыр? -

Máńgilik El Daýysy жобасының ұйымдастырушылары дайындық барысы қалай болып жатқанын және алғашқы ұлттық жобаның басқа жобалардан айырмашылығы қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

9 қарашада Нұр-Сұлтанда сағат 19:00-де шоуға өнер жұлдыздары әндерін жанды дауыста орындайды. Жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, сондай-ақ тыңдармандардың әртістермен бірге ән айтуға мүмкіндік болады. Хит әндердің мәтіндері көрермендерге ыңғайлы болу үшін led-экрандарға шығарылады. 

Blockbuster би академиясының хореографы Ирина Горькаваяның айтуынша, бишілер күніне 3-4 сағат дайындалып жүр екен. 

"Билеу барысында серіктесіңмен үндесу маңызды. Бәлкім бұл қиын сәттердің бірі шығар. Бірақ бұған дейін ол жағынан мәселе болмаған", - дейді хореограф. 

Хореограф көбіне Raim & Artur-дың "Сәукеле" атты әніне дайындық барысы туралы айтты. Композиция бишіні тек жаңашыл би мәнеріне ыңғайлы ән ретінде ғана емес, сондай-ақ идеясының да жақсы екенін атап өтті. 

"Ән қазақ қыздарының сұлулығы, қазақ халқы туралы айтылған. Маған қатты ұнайды. Бұл әнге би қою барысында мен шынымен рахат алдым. Мен үшін бидегі де, адамдардағы да эстетикалық әдемілік маңызды", - дейді биші. 

Шоу режиссері Марина Ожерелова концертке келгендер сүйікті әншісімен ән орындап қана қоймай, сонымен қатар, халық әндерін де шырқай алатынын атап өтті. 

"Máńgilik El Daýysy - әртүрлі жастағы тыңдармандардың басын қосатын шоу. Ол тек жастарға ғана емес, сонымен қатар жасы үлкен адамдарға да қызықты болады. Себебі концертте қазақтың халық әндері де шырқалатын болады", - дейді режиссер. 

Еске салайық, концерт қонақтары - Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және Орда тобы. 

Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.

Máńgilik El Daýysy концертіне билет ұтып алуға мүмкіндікті жіберіп алмаңыз

Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай