Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" байқауында алтыншы орын алды

25 Қараша 2018, 23:23
0
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" байқауында алтыншы орын алды -

Данэлия Төлешова Минскіде өткен "Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауында алтыншы орынға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші 171 балл алды. Айта кетейік, онлайн дауыс беру бойынша Данэлия үшінші орынға ие болды. 

Байқаудың жеңімпазы - Польша әншісі (215 балл). Екінші орын Франция өнерпазына бұйырды (203 балл). Үшінші орынды Аустралия әншісі алды (201 балл).

12 жастағы Данэлия Төлешова сахнаға үшінші болып шықты, оның алдында Украина мен Португалия әншілері өнер көрсетті. Төлешова "Өзіңе сен" әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындады. Қыздың номерін ресейлік белгілі режиссер Алексей Голубев қойды, ол 2015 жылы "Евровидение" байқауында әнші Полина Гагаринамен жұмыс істеген. Оның қиялы бойынша, экранда екі ғашықтың оқиғасы көрсетілді. Ал Данэлия сахнаға ақ көйлек киіп шықты.

"Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауына 20 елдің өнерпазы қатысты - бұл 2003 жылдан бергі байқау тарихындағы рекорд көрсеткіш. Ол елдер: Қазақстан, Албания, Армения, Аустралия, Әзірбайжан, Беларусь, Франция, Македония, Грузия, Ирландия, Израиль, Италия, Мальта, Польша, Португалия, Ресей, Сербия, Нидерланд, Уэльс және Украина. Қазақстан бұл байқауға тұңғыш рет қатысты.

Данэлия Төлешова 2015 жылы "Новая Волна" байқауына қатысып, осыдан кейін "Голос. Дети" шоуында жеңіске жетті.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай