18 шілде 2021 15:34

Даусы бес октавалы қазақстандық әнші "Славян базарында" көш бастап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Рухия Әнші Рухия

Витебскіде өтіп жатқан "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде ел намысын диапазоны бес октаваға жететін қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Витебскіде өтіп жатқан "Славян базары" халықаралық өнер фестивалінде ел намысын диапазоны бес октаваға жететін қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова қорғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші байқау күнінен кейін әнші 70-тен 69 ұпай жинады. Қазылар алқасының барлық мүшесі қазақстандық өнерпазға 10 ұпайдан берді, тек Ресей өкілі Сергей Пенкин 9 ұпай қойды. Айта кетейік, биыл қазылар алқасының мүшелері арасында танымал орындаушы Димаш Құдайберген бар, ол 2015 жылы "Славян базарының" бас жүлдесін жеңіп алған.

18 шілдеде конкурстың екінші күні өтеді, осыдан кейін жеңімпаз белгілі болады.

22 жастағы Рухия Байдүкенова Талдықорғанда дүниеге келген, вокалмен бала кезінен айналысады. Оның таланты мектепте байқалып, кейін өнер мектебіне оқуға жіберілген. Қазір бойжеткен Қазақ ұлттық өнер университетінің "Эстрадалық вокал" мамандығында үшінші курста оқиды.

Рухия "Ақ көгершін" (2010 жыл, II орын), "Бозторғай" (2011, I орын) сынды көптеген байқау лауреаты және дипломанты, сонымен қатар ол "Жас қанат" республикалық жас орындаушылар байқауының финалисі.

Қазір Рухия вокал пәнінің мұғалімі және "Егіз лебіз" бағдарламасының музыкалық редакторы болып жұмыс істейді. Репертуарында әр түрлі жанрдағы әндер бар. Орындаушы қазақ халық әндерімен қатар, әлемге әйгілі хиттерді де шырқайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети