01 қазан 2014 09:49

Диана Арбенина Алматы мен Астанада концерт береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диана Арбенина Диана Арбенина

 Қазан айының соңына қарай Алматы мен Астанада "Ночные Снайперы" тобының мерейтойлық үлкен коцерті өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Концерт – оңтүстік астанада 21 қазан күні Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында (басталуы 19.00), Астанада 22 қазан күні Конгресс-Холлда (басталуы 19.00). 


 Қазан айының соңына қарай Алматы мен Астанада "Ночные Снайперы" тобының мерейтойлық үлкен коцерті өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Концерт – оңтүстік астанада 21 қазан күні Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында (басталуы 19.00), Астанада 22 қазан күні Конгресс-Холлда (басталуы 19.00). 

20 жылдан бері Диана Арбенина сахнаға шығып қарапайым ғана ғажап дүниелерді көрерменге сыйлап келеді. Залда нағыз рок-н-ролл ойнаған кезде уақыт сағынышқа, тамаша көңіл күйге айналады. Диана Арбенина мен "Ночные снайперы" тобы осы 20 жылды өздерінше қорытындылап, Ресейдің көптеген қалалары мен басқа да әлем елдерін аралап, өздерін сүйіп тыңдайтын көрермендеріне есеп беруді шешіпті.  

Мерейтойлық концерттің бағдарламасына "Ночные снайперы"" тобының белгілі хит әндері және ерекше дауысты Диана Арбенинаның орындауындағы ғажап әндер кірген. Бұған дейін олар Еуропаның біршама елдерінде: Хельсинкиде, Стокгольмде, Берлинде, Нюрнбергте, Венада, Прагада, Варшавада, Ригада, Таллинде, Вильнюсте, Антверпенде, Лондонда және Парижде концерт қойды. Алдағы уақытта Тбилисиде, Батумиде, Ереванда, Тель-Авивте және Кейптаунда концерт бермек.

Музыканттардың мерейтойлық концерттері – үлкен мереке. Алматылықтар мен астаналықтарды мерекені бірге атап өтуге шақырамыз.

Жасқа шектеу қойылады: +16.

Алматыда билеттерге мына жерден, мына сайт арқылы және осы сілтеме бойынша тапсырыс беруге болады, сондай-ақ Спорт сарайында (телефон: 8(727) 292 3785) сатылады.   

Ал Астана қаласында концерттің билеттерін келесі мекен-жайлардан табуға болады: 

Конгресс-Холл (ул.Бейбітшілік, 1/1), телефондары: +7 (71-72) 75-22-00, 75-23-60;
- Цирк (пр.Қабанбай батыр, 5), телефон: +7 (71-72) 24-40-60;
-  Жастар сарайы (Республика даңғылы, 34), телефон: +7 (71-72) 32-67-76;
-  Керуен ойын-сауық орталығы (Достық даңғылы, 9), телефон: +7-701-888-84-76;
- Mega ойын-сауық орталығы(Қорғалжың шоссесі, 1), телефон: +7-701-888-84-76;
- Сарыарқа (Тұран көшесі, 24), телефон: +7-701-888-84-76;
- Қазақстан орталық концерт залы (Орынбор көшесі, 10/1), телефон: +7 (71-72) 70-52-56. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети