Димаш Құдайберген Парижде өтетін Global Gift Gala гала-кешіне қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген Парижде өтетін Global Gift Gala гала-кешіне қатысады

Қытайдағы I am a singer конкурсынан кейін танымал болған Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Gala гала-кешіне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдағы I am a singer конкурсынан кейін танымал болған Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Gala гала-кешіне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Global Gift Gala - мұқтаждарға қаражат жинау, балалар, отбасылар және әйелдердің құқық аясын кеңейту проблемасын түсінуге ықпал жасауға арналған халықаралық бастама. Бұл платформа бизнесмендерді, танымал адамдарды және филантроптардың басын қосады. Шара Global Gift Foundation бастамасымен өтеді. Шараны америкалық актриса Ева Лонгория ұйымдастырады. Ол өзінің "The Eva Longoria Foundation" қайырымдылық қорының атынан шығады. 

"16 мамырда Парижде келесі #globalgiftgala кешінде өнер көрсету мен үшін зор құрмет. @globalgiftfoundation @evalongoriafoundation және @unicef_france қолдауға қуаныштымын! Сеніміңіз үшін рақмет @thierry_martino", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram желісінде.

"#ЮНЕСЕФ @unicef ұйымының қолдауымен ұйымдастырылатын аты әлемге танымал актриса ("Отчаянные домоxозяйки", "Симпсоны", "Беверли Хилс"), продюсер, режиссер Ева Лонгория @evalongoria xанымның қайырымдылық Гала кешкі асының қадірлі қонағы боламыз! Әлем жұлдыздары бас қосатын кеш 16 мамыр күні Франция астанасы Париж қаласында өтеді. Димаш Гала кеште ән шырқайтын болады! Осы кешке шақырған Ева @evalongoria xанымға және француздық достарымыз @thierry_martino және @flavienpianist раxмет айтамын!!! Merci!", - деп жазды әншінің өкілі Алпамыс Шаримов Instagram желісінде.

Global Gift Gala жыл сайын әлем бойынша өтіп келеді. Осындай гала-кештерде қатысушылар қайырымды істері үшін жүлде де алады.

Global Gift Gala ұйымдастырушыларының Facebook желісіндегі постері

Еске салайық, мамыр айының басында Димаш Құдайберген француздың France 2 мемлекеттік телеарнасындағы ең белгілі "Les années bonheur" кабаре-шоуына қонақ ретінде қатысып, өнер көрсеткен. Қазақстандық әншіге француздар тұрып құрмет көрсетті. Димаштың өнер көрсеткен толық видеосы 7 мамырда ғана пайда болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети