Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының тоғызыншы кезеңінде өнер көрсетті - ВИДЕО

18 Наурыз 2017, 21:09
2
Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының тоғызыншы кезеңінде өнер көрсетті - ВИДЕО - Димаш Құдайберген. © Алпамыс Шаримов
Димаш Құдайберген. © Алпамыс Шаримов

Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының тоғызыншы кезеңінде өнер көрсетті. Ол бұл кезеңде әйгілі әнші Селин Дионның "All by myself" әнін орындады. Қазақстандық әнші үшінші орын алып, байқаудың финалына автоматты түрде өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осыған байланысты Димаш Құдайбергеннің PR-директоры Алпамыс Шаримов Instagram желісіндегі парақшасыда: "Сіздер оның жан дүниесін түсінсеніңіздер ғой!.. #AllByMyself құтты болсын!!! Бұл жеңіс!!!", - деп жазған. 

Ал Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында "Бәрі де Сіздер үшін! #AllByMyself" деп жанкүйерлеріне деген ризалығын білдірген. 

Осыған дейін, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының сегізінші кезеңінде өнер көрсетті. Ол бұл кезеңде Хан Хонгтың "Тин Ляңлы" (《天亮了》 韩红) әнін шырқап, 5-орын алды.

Сонымен қатар, Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов I am a Singer музыкалық байқауының финалында қазақстандық әншінің кімдермен сынға түсетіні жайлы айтып берді. 

"Дәл қазір финалдамыз. Финалға жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Димаш және онымен бірге Сэнди Лэм (Sandy Lam), гонконгтық топ Lions бар. Әрине, бұл біз үшін өте қуаныш. Осы кезге дейін қазақтың халық әнін де орындадық, еуропалық танымал әндерді де орындадық. Әлемге танымал және қытайдың сүйікті әндері орындалды. Димаш көрермендерді барынша таңғалдыруға тырысты. Соның арқасында бүгін финалға жетіп отыр", - деді әншінің өкілі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай