Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 316.56
EUR / KZT - 342.14
CNY / KZT - 45.99
RUB / KZT - 5.52

Димаш Құдайбергеннің өкілі I am a singer финалында әншінің кімдермен сынға түсетінін айтып берді

18 Наурыз, 16:39
0
Димаш Құдайберген. © Алпамыс Шаримов
Димаш Құдайберген. © Алпамыс Шаримов

Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов I am a Singer музыкалық байқауының финалында қазақстандық әншінің кімдермен сынға түсетіні жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дәл қазір финалдамыз. Финалға жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Димаш және онымен бірге Сэнди Лэм (Sandy Lam), гонконгтық топ Lions бар. Әрине, бұл біз үшін өте қуаныш. Осы кезге дейін қазақтың халық әнін де орындадық, еуропалық танымал әндерді де орындадық. Әлемге танымал және қытайдың сүйікті әндері орындалды. Димаш көрермендерді барынша таңғалдыруға тырысты. Соның арқасында бүгін финалға жетіп отыр", - деді әншінің өкілі.

Сонымен қатар, әншінің өкілі музыкалық байқаудың жартылай финалы мен финалының форматын түсіндірді. Айтуынша, байқауға бірінші күннен бері қатысып келе жатқандар - Димаш Құдайберген, Сэнди Лэм және Lions тобы. "Бұлар 10-шы турдан кейін үздік нәтиже көрсетсе, жартылай финалға автоматты түрде өтеді. 23-і күні әдеттегідей болатын келесі сайыста байқаудан шығып кеткендер мен қазір әлі қатысып жатқандар өзара финалға шығуға таласады. Финалда 10 адам жарысады. Ал жартылай финалда әншілер дуэт болып ән айтады. Бұл өнер көрсетудің түсірілімдері 31 наурызда өтеді. Ал финалда әншілер жеке ән айтады", - деп түсіндірді Алпамыс Шаримов. 

Айтуынша, жалпы алғанда басты фавориттер Сэнди Лэм, Lions тобы және Димаш Құдайберген болып саналады. Алайда жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқан Тери Лин мен Джан Джелин де тыңдармандары мен колдаушылары көп болуына байланысты үздік шығуы мүмкін екен. 


Димаш Құдайберген. © Алпамыс Шаримов


Lions тобы. © Алпамыс Шаримов

Lion тайван рок-тобы 2016 жылдың 12 қыркүйегінде сахнаға алғаш шыққан. Құрамы: вокал, гитара, бас-гитара және барабан. Жобаның негізін қалаған тайванның атақты вокалшысы Hsiao. 


Сэнди Лэм. © Алпамыс Шаримов

Сэнди Лэм - Гонконг әншісі, меццо-сопрано. 80-жылдардың соңында сахнаға шыға бастаған. 30-дан аса әнжинақ шығарған. Қытай, ағылшын және жапон тілдерінде ән айтады.


Тери Лин. © Алпамыс Шаримов

Айта кетейік, желіде Димаш Құдайбергеннің финалдағы қарсыластары туралы видео пайда болды.  

Сондай-ақ, оның айтуынша, Димаш Құдайберген биыл жазда "Славян базары" конкурсының жабылу салтанатында өнер көрсетеді. "Тағы бір жаңалығымыз - қазір көптеген шақырту түсіп жатыр. Мәселен биылғы "Славян базарының" салтанатты жабылу кешіне шақырып жатыр. Сол жабылу салтанатына барып, өнер көрсететін болады", - деді Шаримов.

Әншінің өкілі тоғызыншы кезеңнің дайындығында түсірілген суреттерді жолдады.


Димаш Құдайберген 9-шы кезеңге дайындықта. © Алпамыс Шаримов

Айта кетейік, бүгін, 18 наурызда Димаш Құдайбергеннің I am a Singer байқауының тоғызыншы кезеңінде әйгілі әнші Селин Дионның "All by myself" әнін орындауы Hunan TV телеарнасынан көрсетіледі. Бұл кезеңде қазақстандық әнші үшінші орын алып, байқаудың финалына автоматты түрде өткен.


Нравится
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай