15 қыркүйек 2021 15:42

Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты ер адам атағына үміткер

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тағы да King Choice рейтингінде Азиядағы ең сымбатты ер адам атағына үміткер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тағы да King Choice рейтингінде Азиядағы ең сымбатты ер адам атағына үміткер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Екінші орында Димаш Құдайберген (1 290 408 дауыс), бірінші орында BTS тобының оңтүстіккореялық әншісі Ким Сокджин (1 973 428 дауыс) тұр. Әзірге үшінші орынға 967 161 дауыс жинаған тай актері Уин Метавин тұрақтаған.

Димаштың еуразиялық фан клубының коллажы/@dimash_eurasianfanclub

Димаш Құдайберген - рейтингтегі жалғыз қазақстандық. Сонымен қатар, Корея, Қытай, Тайвань, Гонконг, Таиланд, Жапония, Филиппиннің әншілері мен актерлері бар.

Дауыс берудегі айырмашылық шамалы, сондықтан жағдай өзгеруі де мүмкін. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әншіні қолдауды сұрап отыр. Мына сілтеме бойынша дауыс беруіңізге болады.

2020 жылы Димаш Құдайберген TC Candler 100 тізімінде жылдың ең сымбатты адамы атағына ұсынылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.02   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети